Қар 29, 2019 20:12 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын заңсыз деп атады

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын заңсыз әрі БҰҰ-ның №2231-ші қарарына қайшы әрекет деп атады.

 

Russia Today ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова бейсенбі күні АҚШ-тың ұстанымын сынап: «Батыс мемлекеттері Иранмен кез келген істі жасай аламыз дегенді ұмытуы керек. Еуропалық мемлекеттердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Иранның сауда- экономикалық мүдделерін қамтамасыз етуге дайын болмауы ядролық мәселеге қатысты келісім бетпе-бет келген қиындықтарlың негізгі себебі. Батыс елдері халықаралық қауымдастықтың ойын бұл шындықтан бұрмалап, оның орнына Теһранls «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартуға итермелеуде»,- деді.  

 

 

 

Тегтер

Сараптама