Жел 06, 2019 18:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Түркияның әскери әріптестіктері артады

Қазақстан Сенат палатасының депутаттары бейсенбі күні осы ел мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл келісімнің басты мақсаты Қазақстан мен Түркия арасында теңдік пен өзара мүдделер негізінде ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан ары дамыту деп аталды.

Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастық келісімі негізінде екі ел арасында жауынгерлік дайындық, әскери оқу, ортақ әскери жаттығулар өткізу, қорғаныс өнеркәсібі, әскери, ғылыми және техникалық зерттеулер, сондай-ақ, геодезия, гидрография және картография салаларында әріптестік жасалады.

Тегтер

Сараптама