Жел 07, 2019 15:21 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бірлескен комиссиясының 14-отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

«Ортақ қадам» бірлескен комиссиясының 14-отырысына қатысушылар қорытынды мәлімдемеде «Ортақ қадам» келісімінің көпжақты жетістік болғанын әрі ядролық қару таратпау туралы халықаралық құрылымдағы маңызды элемент саналғанын мәлімдеді.

IRNA News агенттігінің хабарлауы бойынша жұма күні Хельга Шмидтің басқаруымен өткен «Ортақ қадам» бірлескен комиссиясының 14-отырысына қатысушы мүшелер Иранның Америка келісімнен шығып, Теһранды келісім негізінде жойылған санкциялардың пайдасын толық пайдаланудан мақұрым етіп, жаңадан санкция салынған өткен бір жыл екі айда міндеттемелеріне табанды болғанын мойындады.   
Мүшелердің барлығы «Ортақ қадам» келісімін барлық тараптың толық әрі әсерлі орындауының маңызы мен келісімді сақтап қалу үшін талпыныстарын жалғастыруға қатысты ерік-жігерге ие екенін баса айтты.

Мәлімдемеде сонымен қатар АҚХА-нің Иранның ядролық міндеттемелерінің шынайылығын тексеріп, «Ортақ қадам» келісімі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 жарғысына сәйкестігін бақылаушы орган ретіндегі маңызды рөлі қуатталды.

Қатысушы мүшелер мәлімдемеде Бельгия, Дания, Финландия, Голландия, Швеция мен Норвегия үкіметтерінің INSTEX қаржы механизміне ену шешімі мен оның үшінші үкіметтердің экономика саласының белсенділері үшін ашылу перспективасын құптады.  

 

Сараптама