Жел 07, 2019 16:47 Asia/Almaty
  • Нұр-Сұлтанда Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің 14-кезеңі өтеді

Ресей Сыртқы істер министрі Қазақстанның астанасында желтоқсанның 10-11 күндері Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің 14-кезеңі өтетінін хабарлады.

Ресей СІМ Сергей Лавров «Жерорта диалогы» форумы аясында Сирия дағдарысын шешу саласындағы келіссөздердің келесі кезеңінің Қазақстанның астанасында өтетінін айтып: «Кездесуде Сирия дағдарысын жою саласында жасалған келісімдерді жүзеге асыру үдерісі мен осы елде қалған лаңкестік топ мүшелерімен күресті жалғастыру тақырыптары қарастырылады. Сонымен қатар гуманитарлық мәселелер, әсіресе Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсету, босқындардың елге оралуы үшін жағдай қалыптастыру, түрмедегілер және тұтқындармен алмасу және саяси үдеріс талқыланады», - деді.
 

 

Сараптама