Жел 07, 2019 18:51 Asia/Almaty
  • Саудия азаматы Америкада лаңкестік жасады

Саудиялық бір азамат Америкада лаңкестік әрекет жасады. Ұшқыштың оқуына Америкаға барған Мохаммад Саид әл-Шамрани жұма күні Пенсаколадағы Америка армиясы теңіз базасында атыс ашып, үш адамды өлтірді.

Әл-Шамрани осы әрекетінің алдында Твиттерде: «Мен зұлымдыққа қарсымын. Америка зұлым елге айналды. Мен сендерге америкалық болғандықтарың үшін қарсы емеспін. Мен сендердің азаттықтарыңды жек көремін. Сендерді күн сайын мұсылмандарға ғана емес, тіпті адамзаттқа қарсы қылмыстарды қолдап, қаржылай қамтамасыз етіп, өздерің де қылмыс жасап жатқандарың үшін жек көремін», - деп жазды.
 

Бірақ бұл Арабстан азаматтарының Америка жерінде лаңкестік әрекетке баруы бірінші рет емес. 2011 жылдың 11 қыркүйек күні Арабстанның он бес азаматы тағы төрт адаммен бірге жолаушы тасымалдайтын төрт ұшақты аспанда ұрлап, Америка тарихындағы ең үлкен лаңкестік әрекетті жүзеге асырды.

Арабстандықтар Нью-Йорктегі әлемдік сауда орталығының қос ғимараты мен Вашингтондағы Пентагонның ғимаратына шабуыл жасап, үш мыңға жуық адамның ажалына себеп болды.  

Сауд Арабиясы азаматтарының Америкаға жасаған лаңкестік шабуылының құнын Ауғанстан мен Ирактың миллиондаған қорғансыз азаматы төледі. Олар америкалықтардың қанішерлігінің құрбандығы болды.

Соған қарамастан Арабстан үкіметі өз азаматтарының қыркүйек оқиғасына қатысуынан аймақта неғұрлым көбірек саяси қолдауға ие болып, әскери қару-жарақ пен соғыс отын тұтатты.  

Қыркүйек оқиғасы Американың ішінде Арабстанға қарсы теріс кеңістік тудырғанымен америкалық саясаткерлер Арабстан мұнайы мен Саудия патшалығының әпсаналық қазынасын қажет еткендіктен Арабстандағы лаңкес тәрбиелеуші идеологияға көзжұма қарады.

Америкалықтардың ымырашылығы өткен екі аптада америкалық азаматтарды саудиялықтардың лаңкестік қатеріне тағы тіреді.

Американың қазіргі және бұрынғы үкіметтері Сауд үкіметін қолдауда ешқандай талпыныстан аянып қалмады.

Мәселен, Дональд Трамп президентігінің алғашқы сапары үшін Риядты таңдады. Сол сапарында құны 450 млрд доллар тұратын келісім жасады. Оның 110 млрд доллары саудиялықтармен қару жарақ келісімі болды.  

Сонымен қатар Сауд үкіметін сынаған журналист Джамал Хашоқчидің өліміне қатысты халықаралық қысымдар Риядқа артқан кезде Трамптың өзі араласып, Америка Конгресіне Арабстанға қарсы жаза бекітуге рұқсат бермеді.

Осындай жағдайлардан саудиялық студенттің америкалық азаматтарға оқ атуы Вашингтон мен Сауд патшалығы байланысына әсер ете қоймайтындай көрінеді.

 

Сараптама