Dec 04, 2016 17:35 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 31

Өкінішке орай, бүгінгі күні адам құқығы мәселесі кейбір үкіметтердің тәуелсіздік пен азаттық талап ететін және қысымдарға қарамастан ғиззаты, беделі мен тәуелсіздік туралы армандарынан бас тартқысы келмейтін елдерге қарсы пайдаланылуда.

Мұндай әрекеттердің соңғы үлгісі ретінде БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде Иранға қарсы адам құқығы қарарының бекітілуін атап өтуге болады.

Иранға қарсы адам құқығы қарары

Халықтың қырағылығы және имам Хомейнидің   ақыл-кеңестерімен диктатуралық үкіметтің билігін аяқтатып, діни халықтық демократия жүйесін таңдаған Иран Ислам республикасы революциясы жеңіске жеткен күннен бүгінге дейін Батыс үкіметтерінің әртүрлі шабуылдары және әртүрлі айыптауларымен бетпе-бет келуде. ИИР-на қарсы адам құқығы мәселесіне қатысты  жаңа қарардың бекітілуі өткен кезеңдегі қастықтардың жалғасы болып, елдің басшыларының реакцияларына тап болып отыр.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде Иранға қарсы адам құқығы туралы қарардың бекітілуіне реакция білдіріп: «Өкінішке орай, бұл қарар ИИР-дағы шынайы жағдайға назар аударылмай, тек таңдамалы мәліметтерге сүйеніп, саяси мақсаттарды көздеп дайындалып, бекітілген. ИИР Батыс үкіметтерінің адам құқығы мәселесін әлемнің тәуелсіз мемлекеттеріне қарсы саяси құрал ретінде пайдалануын қабылдауға болмайды деп санап, айыптайды. Өйткені, БҰҰ-ның адам құқығына қатысты жұмыстары алпауыт мемлекеттердің саяси ойындарының құралы  және кейбір мемлекеттердің басқа қоғамға дұшпандық білдіруіне себеп болмауы қажет»,- деп қуаттады.

Бахрам Ғасеми

 БҰҰ-дағы Иранның  тұрақты елшісі Ғоламхосейн Дехқани де БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетінде сөйлеген сөзінде ИИР-дағы адам құқығы жағдайы туралы дұшпанды  қарары туралы: «Ирандағы адам құқығы жағдайы қарарда айтылғандай емес. Аталмыш қарардың бекітілуін қалаған Канада мен басқа мемлекеттер шындықты  жақсы біледі. Бұл қарарды реттеушілердің өздері адам құқығын әшкере бұзушылар»,- деді.

БҰҰ-дағы Иранның  тұрақты елшісі Ғоламхосейн Дехқани

Дехқани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Иран қоғамындағы адам құқығы жағдайының шындығын баяндап, Иранның адам құқығын бұзбау қажеттігін қуаттайтындығына тоқталып, демократия мен халықтық демократия туралы: «Өткен 40 жылда Иранда көптеген демократиялық сайлаулар өтіп, солар арқылы елдің ішкі және сыртқы істерінің мақсаттары анықталды. Халықтың дауысына сүйену бідің аймақтағы маңызды жетістік болып саналады. Менің елімнің әрқашан халықтың дауыс беруіне сүйенуі негізінде халықты қоғамдағы демократиялық және бейбіт үдерістерге жігерлендіруіне, үкіметтің барлық деңгейлеріндегі анық ұстанымдары, жауапкершілігі мен тұрақтылығына себеп болды»,- деді. ИИР-да сайлау халықтың тікелей дауыс беруімен өтеді. Ал АҚШ-тың соңғы  сайлауында таңдаушылардың дауыстарының назарға алынып, халықтың дауысымен санаспауының куәсі болдық. Бұл мәселе сол елдің әртүрлі қалаларындағы наразылықтар мен шерулерге себеп болды. Айта кететін жайт, осы мәселеге қатысты адам құқығын қолдаушыларының ешбіреуінің дауысы шықпады. БҰҰ-дағы Иранның тұрақты елшісі сөзінің жалғасында: «Кейбір алпауыт елдер  халықтың олардың мүдделеріне сай жасаған сайлауларын құрметтейді. Олардың мүдделеріне сай емес дауыс берген халық төңкеріс, қатыгездік, санкция, басып алу немесе адам құқығын бұзды деген айыптаулар арқылы жазаланады»,- деді.

АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесіне қатысты наразылықтар

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Ирандағы адам құқығы саласындағы жетістіктері туралы: «Қарарда жазылған уәждерге қайшы  өткен 40 жылда Иранда адам құқығы саласында көптеген ілгерілеушіліктер орын алды.  Мәселен, Иран бұл кезеңде әлем бойынша адами дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен екінші мемлекет болды. Сонымен бірге Иран әйелдер мен қыздардың білімі мен денсаулығына қатысты әсерлі арналар мен бағдарламалар дайындады. Жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің ішінде қыздардың саны ер балалардың санына қарағанда артығырақ. Әйелдердің намыстан өліміне қатысты статистикасы тіпті еуропалық елдермен салыстырғанда төмен. Бала кезінде тұрмыс құратындардың саны Иранда аймақтың басқа елдерімен салыстырғанда төменірек. Осындай  жағдайларға көңіл бөлінбестен Иранға қарсы адам құқығы мәселесіне қатысты қарар бекітілді»,- деді.

Иран әйелдерінің алға ілгеруі

Иранның келесі сындарлы іс-әрекеті ретінде бөгде қылмыскерлермен күресу және көптеген адамның өліміне себеп болып отырған  есірткінің заңсыз тасымалына қарсы тұруын атауға болады. Иранның қарулы және ұйымдастырылған есірткі контрабандасы мен лаңкестік топтарға қарсы қажымас күресі барысында мыңдаған ирандық күш өмірлерін қиып, қаншама адам мүгедек болып қалды. БҰҰ-ның құжаттарында  Иранның ұстайтын заңсыз есірткісі мөлшерінің басқа елдердің бірігіп ұстайтын мөлшерінен жоғары екендігі көрсетілген. Иранның есірткіге қарсы күресінің пайдасының көбін Батыс және нашақорлықтан аман қалатын Батыс жастары көреді. Негізінде батыстықтардың бұл саладағы қолдаулары маңызды болған жоқ. Сондықтан Иранға қары аталмыш қарардың шығарылуы толық құрметсіздікті көрсетеді.

 Ирандағы адам құқығы мәселесінің келесі тұрғысы босқындарды қолдауы болып табылады. Аймақ мемлекеттері экстремистердің қатыгездіктеріне шырмалып отырған кезде  Иран лаңкестіктің ең үлкен құрбаны ретінде лаңкестікпен күрес және босқындарға қолдау көрсету үшін бүкіл мүмкіндігін пайдалануда.

Ирандағы ауғандық босқындарының жағдайы

Дехқани бұл туралы: «Кейбір бай мемлекеттердің пікірінше бірнеше мың босқынды қабылдау қаупісіздікке қарсы қоқан-лоққы саналса, Иран өткен 40 жылда үзбей миллиондаған босқынды қабылдады. Иран әрқашан ең көп мигранттарға ие 10 елдің қатарында болды. Халықаралық қолдаусыз босқындарды қабылдау шекаралас дағарыспен кезіккен елдердегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға  өз үлесін қосты. Тек өткен бір оқу жылында ғана 460 000 бала  Иранның мектептерінде тегін білім алуда. Әрине  бұл елдің білім беру жүйесіне қиындық тудырды. Соған қарамастан Иранға қарсы адам құқығы мәселесіне қатысты қарар бекітілді»,- деді.

Кейбір мемлекеттер лаңкестік топтармен ынтымақтастық жасап отырған жағдайда Иран әрқашан лаңкестік топтармен күрескенін дәлелдеді. Егер Иранның лаңкестікке қарсы шынайы күресі болмағанда Таяу Шығыстың  көбірек бөлімдері ДАИШ-тың бақылауында  болатын еді.

Алайда бұл қарарды қолдаушыларға тоқталатын болсақ, қарарды қолдаушылардың тізімінен Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің атауын көруге болады. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми: «Бұл қарардан байқалатын тарихи ащы әжуа оның лаңкестік, қатыгездік пен экстремизмнің негізгі қолдаушыларының сионистік режим, Сауд режимі мен аймақтың демократия мен азаттықтан кенде санаулы мемлекеттерімен жақтас болуында. Бұл мәселе қарардың заңсыз екендігін көрсетеді»,- деді. Екі миллионнан астам палестиналық Газа секторында Израильдің қоршауында нашар жағдайда өмір сүреді.  Заңсыз түрде құрылған сионистік режим өткен бірнеше он жылда  үкіметтік лаңкестікті қолданып, Палестина халқының құқығын бұзды.

Сионистік режим жылдар бойы палестиналық балаларды қыруда

Йеменде де бір жарым жылдан бері халық Сауд Арабиясының әскери шабуылдарының салдарынан адами апатпен бетпе-бет келіп отыр.  Бірақ мұндай анық шындықтарға қаармастан Сауд Арабиясы мен сионистік режим адам құқығы туралы уәж айтады. Ал адам құқығының қорғаушылары бұл қылмыстарға қарсы ешбір қарар шығаруды ойламайды.

 

 

 

Тегтер

Сараптама