Jan 02, 2017 17:32 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 34

Еуроодақтың негізгі құқықтар агенттігі өзінің жуырдағы мәлімдемесінде Еуропада әрбір үш әйелдің біреуінің жыныстық зорлық-зомбылықпен кезігетінін көрсетті. Бұл статистика бүкіл 28 еуропалық мемлекетке тән. Тіпті бұл жаңа мәліметтер бойынша бұрын жағдайы жақсырақ болған скандинавиялық елдерде де қазірде әйелдерге қарсы жыныстық зорлық-зомбылықтың саны артқан.

Әйелдерге қарсы жыныстық зорық-зомбылық – Батыстағы қоғамдық маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселе 1990-шы жылдардан бері дамушы мемлекеттердің саяси және қоғамдық мәселелерінің күн тәртібінде қарастырылды.  Өкінішке орай, мемлекеттер секуляристік және гуманистік ой-пікірлерге қарай бет алған 19-шы ғасырдан бері бірте-бірте әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтар артып, осы кезде ВВС сынды ақпарат арналарының мойындауынша еуропалық мемлекеттер  әйелдер үшін тозаққа айналған.   

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық

 Тарихтың ащы оқиғаларына әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігіне қарсы жасалатын зұлымдық пен зорлық-зомбылық жатады. Мысал ретінде  үйдегі және сырттағы оларға қарсы қоқан-лоққылар мен олардың рухани және физикалық жағдайларына келтірілетін нұқсандарды атауға болады. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтар бүкіл халықтарды шырмайтын әлемдік аурудың бір түрі. 1993-ші жылы бірінші рет адам құқығы халықаралық қоғамы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты, тіпті отбасындағы әлімжеттікті ресми түрде адамның негізгі құқығын бұзу деп жариялады. 1993-ші жылы Венада өткен адам құқығы әлемдік конференциясында әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқығының ажырамас бөлігі ретінде жарияланып, әйелдерге қарсы жыныстық зорлық-зомбылық пен зорлықтың барлық түрлері, соның ішінде кемсітушіліктен туындайтын психикалық және физикалық қорлықтар, мәдени ырымшылдық пен халықаралық әйелдер контрабандасы адамгершілік критерийлеріне жат деп жарияланды.

Мұндай талпыныстарға қарамастан әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық  бүгінгі әлемдегі адам құқығының кеңінен бұзылуының мысалы болып өмірді бұзып, қоғамның алға ілгерілеуінің алдын алуда. Басқаша айтқанда, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық жеке адамға қиындықтар тудыруымен бірге қоғамға да көптеген қиындық тудырады. Халықаралық Амнистия ұйымы  өзінің 2003-ші жылғы мәлімдемесінде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты адам құқығын әлем деңгейінде бұзу деп атады. Аталмыш ұйым 2004-ші жылғы мәлімдемесінде алаңдаушылықтарын қайталап, үкіметтердің бұл мәселені шеше алмайтындығын ескертті.

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық физикалық және псисхикалық зардаптарға себеп болады

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық туралы мәліметтер олардың қоғамдық салдарларын көрсетеді. Басқа жақтан әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық физикалық және псисхикалық зардаптарына байланысты әйелдерді  адам құқықтарынан айыруымен бірге жұбайлық, аналық және қоғамдық құқықтарынан да мақұрым етеді.  Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тарихтың барлық кезеңдерінде бірде күшейсе, бірде солғындады. Алайда әйелдер мен қыздар зорлық-зомбылықтардан көп зиян шегеді, өйткені олардың рухы нәзік және ерлермен салыстырғанда физикалық тұрғыдан ерлерге қарағанда әлсіз келеді. Сондықтан әртүрлі зардаптар әйелдердің жанұя мен қоғамдағы рухани және психикалық  жағдайына әсер етеді.

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың күннен күнге артуы және олардың Батыс мемлекеттеріне тигізетін зиянды салдарлары  бұл мемлекеттердің аталмыш құбылысқа қарсы шынайы шара  қолдануына себеп болды. Олар Батыста зардап шеккен әйелдерді қолдайтын көптеген орталықтар құрды. Бірақ бұл орталықтардың қажет белсенділік танытпайтындықтары анық. Жасалған зерттеулерден Батыстағы жыныстық зорлық-зомбылықтардың кеңінен таралғанын  және олардың іске асырушылары мен  құрбандарын қоғамның барлық таптарынан көруге болатындығы белгілі болды.

Батыстағы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа наразылық білдіру

Батыс қоғамы күн сайын алдамшы ұрандарымен  АҚШ пен Еуропада  іске асыра алмаған тәжірибелерін әлемнің басқа елдеріндегі әйелдер мен қыздарға қабылдатқысы   келеді. Соңғы зерттеулер бойынша еуропалық әйелдердің 55 пайызы жыныстық зорлық-зомбылықпен кезігеді. Әйелдердің 18 пайызына жыныстық тұрғыдан шабуыл жасалып, 43 пайызы психикалық тұрғыдан зардап шегеді. Еуропаның жарнама қалқандарындағы әйелдерге қатысты үгіт-насихаттық суреттер  жұртқа Еуропа әйелдер үшін жұмақ және бұл жерде әйелдердің саяси, ғылыми және мәдени дамуына мүмкіндік жасалған әрі олардың тәулік бойы далада жүруінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп көрсетуге  әрекет жасауда. Мүмкін, еуропалық үкіметердің заңдары бойынша осылай дұрыс болар. Бірақ негізгі адам құқықтары агенттігінің мәліметі бойынша әйелдердің  ерлердің зорлық-зомбылықтарына қатысты қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Еуроодақтың негізгі құқықтар агенттігі өзінің соңғы мәлімдемесінде Еуропаның әр үш әйелінің біреуінің  жыныстық зорлық-зомбылықпен кезігетінін көрсетті. Бұл статистика бүкіл 28 еуропалық мемлекетке тән. Тіпті бұл жаңа мәліметтер бойынша бұрын жағдайы жақсырақ болған скандинавиялық елдерде де бүгінде әйелдерге қарсы жыныстық зорық-зомбылықтардың саны артқан. Бұл агенттік 18-74 жастағы 42 000 әйелден жыныстық зорлық-зомбылық туралы сұрап, жыныстық және физикалық зорлық-зомбылықтың олардың өміріне әсер етуін зерттеді. Негізгі құқықтар агенттігінің мәлімдемесі бойынша,  «Жыныстық зорлық-зомблықпен кезіктің бе?» деген сұрақ қойылған 18-74 жастағы 2000 әйелдің арасынан 33 пайызы оң жауап берді. Олардың кейбіреулері зорлық-зомбылықпен  тіпті екі рет бетпе-бет келген. 12 пайызы зорлық-зомбылықты бала кезінде көрген. Айта кететін келесі жайт, зорлық-зомбылықтың құрбандарының  үштен екісінен астамы жұбайлары немесе достарынан зорлық-зомбылық көріп, полицияға хабарламаған.

Еуроодақта әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық артуда

Негізгі құқықтар агенттігінің маманы Джавана Гуди: «Бұл мәлімдеме бойынша  зорлық-зомбылық көрген әйелдердің саны артып, таңғалдырған мәселе маман және басшы болып қызмет ететін әйелдердің 75 пайызының жыныстық зорлық-зомбылықпен кезіккендері туралы айтқаны болды. Бұл өте жоғары статистика »,- деді. Жұмыс орындарындағы зорлық-зомбылық – еуропалық мемлекеттердегі әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың кеңінен таралған түрі. Олардың көбі  өздерінің бастықтары, әріптестері немесе клиенттерінің зорлық-зомбылықтарымен бетпе-бет келген.

Жұмыс істейтін әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық

 Кейбір әйелдер жыныстық зорлық-зомбылықпен бала және жасөспірім кездерінде кезіккен. Бұл әйелдердің 10 пайыздан астамы 11 жасқа толмастан бұрын ер адамның жыныстық шабуылымен бетпе-бет келген. Осы зерттеулердегі жаңалық жыныстық зорлық-зомбылықтардың заманауи қарым-қатынас құралдары арқылы  іске асырылуы туралы мәліметтер болды.  18-29 жастағы әрбір бес бойжеткеннің біреуі киберлік және ғаламтор шабуылдарының құрбаны болғаны туралы айтты. Әрбір 10 әйелдің біреуі әлеуметтік желілер арқылы қорлық мазмұнға ие мәтіндер алған.

Киберлік шабуылдар

Батыс қоғамындағы қарым-қатынастың азаттығы мен әйелдердің құрал ретінде пайдаланылуы батыстықтардың  зорлық-зомбылықтарының себептері болар, бірақ олар басқаларды айыптауда. Алайда адам құқығын қамтамасыз ету  саласында бірнеше онжылдық тарихқа ие және жеткілікті мөлшерде заң бекіткен еуропалық мемлекеттер неліктен өз қоғамдарында, тіпті отбасы ортасында әйелдердің құқықтарын қорғай алмайды деген сұрақ жауапсыз қалып отыр.

 

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама