Dec 26, 2018 15:38 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 45

Мешіт – халықтың бірлігі, тілектестігі және біртұтастығының орталығы. Мешіт адамдарды ұлты, түсі және экономикалық немесе қоғамдық таптық тұрғылары бойынша бөлмей, баршаның алдынан есігін ашып қояды.

Мешіт – халықтарды біріктіріп, оларды қатыгездік пен жамандықтан алыстата алатын бейбітшілік пен бірліктің мәдени көрінісі, қасиетті мекен. Кейде мешіттің бұл негізгі жұмысы Ислам мен оның бейбіт жолдауларына қарсылардың  кедергілерімен бетпе-бет келеді. Олар мұсылмандардың діни орталықтарын әлсіретуді немесе тіпті қиратуды көздеуде.

Бейбітшілік пен бірлік үшін көп күш салған  мешіттердің бірі – Германиядағы имам Әли (ғ.с.) атындағы мешіт. Әртүрлі ұлттардан құралған мұсылмандар ғибадат жасайтын бұл салтанатты мешіт діни және гуманитарлық белсенділік үшін қолайлы мекенге айналды. Германияда екі күн "Ғибадат орындарының ашық есіктері" деп аталған. Яғни, бір күні шіркеулердің, келесі бір күні мешіттердің есіктері ашық болады. Қазанның үші – Шығыс және Батыс Германияның біріккен күні "мешіттердің ашық күні" деп аталған. Германия мұсылмандарының үйлестіру кеңесі бұл күнді өткізудің міндетін өз мойындарына алған.

Германия мұсылмандарының үйлестіру кеңесінің комиссиясы бұл күні келген мұсылман емес адамдардың сұрақтарына жауап берумен бірге жыл сайын белгілі бір тақырыпты түсіндіреді. Өткен бірнеше жылы қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық жауапкершілік, ислам өнері мен мигранттар мәселелеріне көңіл бөлді. 2017-ші жылдың қазан айының үші күні мешіттің ашық күні "Жақсы көршілер – жақсы қоғам" деген ұранмен өтті. Сол рәсімге дайындалған кітапшада: "Бүгінде Исламның көршілестік мәселесін маңызды санайтыны туралы аз айтылатындықтан Германия мұсылмандарының үйлестіру кеңесі бұл тақырыпты мешіттің ашық күнінің ұраны ретінде таңдады",- деп жазылды.

Имам Әли атындағы мешіттің кітапханасы оның ең маңызды бөлімдерінің бірі саналады. Бұл кітапханада Исламның дін, тарих, мәдениет, әдебиет және қоғамға қатысты  көзқарастары туралы 5000-нан астам кітап бар. Кітаптардың көбі парсы, араб, неміс және ағылшын тілдерінде жазылған. Қалаған адам кітаптарды оқырман залында немесе өз атына жаздырып, аманатқа алып, оқи алады. Еуропа қоғамның сұраныстары мен сұрақтарына назар аударылып, қажет кітаптар жазылып, аударылып, ислам мәдениетінің әртүрлі тұрғылары таныстырылып жатыр.

Имам Әли атындағы мешіттің кітапханасы

Мұсылмандар мен мұсылмандар еместердің сұрақтарына сай әртүрлі исдамдық тақырыптарға қатысты неміс тілінде брошюралар дайындалды. Олар мешітке келгендерге тегін ұсынылады. "Әл-Фаджр" (Die Morgendammerung) – 1982-ші жылдан бері үзбей жарық көріп келе жатқан Гамбургтің ислам орталығының  журналы. Бұл журнал екі айда бір рет үш мың тиражмен неміс тілінде шығады. Журналдың редакциясы ислам орталығының бірінші қабатында орналасқан.

Апта сайын жұма күндері имам Әли атындағы мешітте жұма намазы өткізіледі. Оның имамдары құтпаларын араб, неміс және парсы тілдерінде айтады. Иманды мұсылмандар жамағаты намазға қатысып, діни міндеттерін орындайды. Сондай-ақ, Ораза айт пен Құрбан айт күндері де жылдар бойы салтанатты жамағат намаздары өтеді. Исламның бұл екі мейрамының рәсімдеріне қатысу діни міндеттерді орындаумен қатар мұсылмандар арасындағы терең байланыстарға себеп болады.

Имам Әли атынағы мешіттегі итикаф

Имам Әли атындағы мешіттің келесі жұмысына аптасына бір рет мешітте Құран Кәрімнің тәпсіріне аранлған отырыстардың өткізілуіне атау керек. Отырыстар бейсенбі күндері кешке парсы тілінде сөз сөйлейтін залда, сенбі күндері неміс тілінде кітапханада өткізіледі. Сондай-ақ, араб тілінде өтетін отырыстарға араб тілді қарындастар мен бауырлар қатысады. Әр айдың бірінші сенбісі күні әртүрлі елдерден келген араб мұсылмандарына арналған отырыс өтеді. Онда көбінесе университет ұстаздарының немесе діни ғұламалардың бірі сөз сөйлейді.

Имам Әли (ғ.с.) атындағы мешіт Гамбургтегі ислам орталығымен бірге исламдық ой-пікірлерді таратып, мұсылмандардың дін, мәдениет және қоғамдық салалар бойынша пікір алмасуына мүмкіндік жасау үшін кейбір уақыттарда семинарлар да өткізеді. Бұл семинарлардың ішінде исламдық бірлік, қажылық, ислам ойшылдарын еске алуды,  олардың еңбектерін, ислам әлемі мен ислам елдерінің мәселелріне қатысты семинарларды атау керек.

Мешітте балалар мен жасөспірімдер үшін ұймдастырылған діни тағылымдық сыныптармен бірге  Құран Кәрімді қырағат ету  мен әйелдердің арнайы ахкамын үйрету сыныптары үнемі өткізілді. Апта бойы Германия мектептері сыныптарының көбі мұғалімдерімен бірге алдын ала келісіп, мұсылмандардың діни сенімдерімен танысу үшін мешітке жиналады. Гамбургтің ислам орталығының қызметкерлері олар үшін қысқаша баяндама жасайды. Содан соң ислам діні мен мұсылмандарға қатысты сұрақтар қойлып, оларға жауап беріледі.

Сондай-ақ, исламдық тақырыптарға қызығушылық танытатын германиялық топтар алдын ала келісіп, орталыққа келіп, сұрақтарын орталықтың өкілдеріне баяндайды. Негізінде имам Әли (ғ.с.) атындағы мешіттің ашық күндері Гамбургтегі ислам орталығы сенбі-жексенбі күндері таңертеңгі сағат 9-дан кешкі беске  дейін барша халық үшін ашық болады. Ол жерді қалаған адам тегін аралай алады. Бұл сағаттарда орталық қызметкерлерінің бірі келген адамдардың сұрақтарына жауап береді. Имам Әли (ғ.с.) атындағы мешітте адамдардың Исламды қабылдау рәсімде өтеді. Бұл рәсімдер бірқатар мұсылманның қатысуымен өтіп, жаңадан мұсылман болған ада шәһадатин айтқан соң, оның аты-жөні дәптерге тіркеледі.

          *****************

Германиядағы имам Әли (ғ.с.) атындағы мешіт

Әртүрлі халықтар мен ұлттардың ғибадат және Исламды тарататын мекен саналатын бұл салтанатты мешіт пен ислам орталығы ирандық ғұлама аятолланың бастамасымен салынған. Кейін мешіттің жамағат имамы ретінде доктор аятолла Бехешти сайланды.

Гамбургтегі имам Әли атындағы мешіт

Оның белсенділгі артқан кезде әртүрлі халықтар мен әртүрлі мазхабтардың мұсылмандарына қолдау көрсету мақсатында  келесі исламдық-мәдени орталық құрылды. Мешіттің ғимараты екі маңызды бөлімнен құрылды. Мешіттің негізгі  бөлімі  шеңбер түрінде салынған. Оның үстінде биіктігі 18 метр, диаметрі 13,5 метр үлкен күмбез орналасқан. Бұл күмбез цементтен жасалып, жасыл түсті мыспен қапталып, мешітті ерекше әдемі көрсетеді. Мешіттің ішінде «Жұма» және «Исра» сүрелерінің аяттары мен олардың неміс тіліндегі аудармалары жазылған. Мешіттің ішін ирандық өнер ұстаздарының бірі Абдолхосейн Мешкат кафельмен безендірді. Мешіттің әдемі михрабы да кірпіш және кафельмен қаланған. Михрабтың үстінде «Анғам» сүресінің: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де»,- деп айтылған 162-ші аяты жазылды.

Мешіттің шабистанында күнделікті жамағат намаздары, жұма намаздар мен Ораза айт және Құрбан айт намаздары өтеді.  Күмбездің екі жағында Алла елшісінің азаншысы Белал мен оның Алланың жолында шәһид болғанын еске салатын екі мұнара орналасқан. Мұнаралар да цементтен жасалып, олар қыша түсті кішкентай плиткалармен қапталған. Мешіттің негізгі есігі батыс жаққа қарай ашылып, сырты әдемі кафельмен безендірілген. Есік мешіттің бұрынғы ауласымен екі жақты баспалдақ арқылы қосылады.

Имам Әли атындағы мешіт

Сөз сөйлейтін үлкен зал, кітапхана, кеңселік бөлме, вузухана мен аспазхана орналасқан мешіттің шабистанға қосылатын бөлімі ислам орталығының негізгі жұмыс мекендері саналады. Сөз сөйлейтін үлкен залдың ішіне шамамен 200 орындық сыяды. Зал ілеспе аударма жасайтын жүйелермен жабдықталған. Ол жерде діни және ғылыми семинарлар өтеді. Онда Құранның «Наһл» сүресінің халықты Аллаға шақыратын 125-ші аяты жазылған.

 

 

Тегтер

Сараптама