Jan 13, 2019 16:12 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 49

Мешіт – мұсылмандардың күнделікті жиналатын мекені. Олар бұл мекенде діни міндеттерін орындаумен бірге әртүрлі мәселелер туралы пікір алмасады.

 

Негізінде Исламның басынан бастап, мешітте әртүрлі жұмыстар, әсіресе, төрелік жасалып, қоғамдық маңызды мәселелер, кеңестер мен соғысқа қатысты мәселелер, саяси топтарды қабылдау, басқа жерлерге өкілдер аттандырып, жиналыстар өткізіп, науқастар мен жаралыларға көмектесу, сонымен қатар  үкіметтік деңгейдегі шешімдер қабылданды. Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін де біразға дейін бұл жағдай жалғасып, Ислам діні әр аймақ пен қала және елге таралуымен бірінші іс мешіт салу  болды.

Мешіт

Алла елшісі мешітте ғибадат етумен бірге діни тәлім-тәрбие жүргізіп, сұрақтарымен келген адамдарға жауап беретін. Құран тәпсірі мен басқа исламдық ғылымдар, сондай-ақ діни оқу орындары мешіттен бастау алды.  Ислам пайда болған алғашқы ғасырда мешіттер мүміндердің бір-бірімен жаңа мәліметтермен алмасатын мекені болды. Кейін де мұсылмандар мешіттерге жиналып, дінге қатысты әр сұрақтарының жауаптарын алатын. Олар қисын мен ақылға сай өзара және басқа діндердің өкілдерімен пікірталастар жүргізді. Сондай пікірталастар үшін мешіт ең қолайлы мекен болды. Ислам мектебінде оқшаулану, жамағаттан алыстау қуатталмайды. Керісінше, адамның қоғамды қажет етуі – оның рухы мен психологиясының саулығының белгісі. Мешіт мұсылмандарды үнемі жиналуға шақырып, олардың ынтымақтастық жасап, пікір алмасу үшін көңіл-күйлерін нығайтады. Мешітке жиналған барлық адамдар – қасиетті Ислам дініне иман келтіргендер. Ислам дініне иман келтіру ел, отан, тіл мен түс және тағы басқа ерекшеліктеріне қарамастан мүміндерді бір-бірімен тығыз байланыстырады.

Қытайдағы жамағат намаз

Қытай мешіттері:

Хуайшэн мешіті

Адамдардың көбі Қытай мен оның тарихи ғимараттары туралы айтқан кезде дуалы мен үлкен ғибадатханасын еске алады.

Олар бұл елде 50 миллионнан астам мұсылман өмір сүріп, олардың 45000 әдемі мешіті бар екені туралы ойламайды. Тарихи деректер бойынша, хиджридің 31-ші жылы Хиджаз мұсылмандарының тобы Қытай императорларының сарайына барып, оларды Исламмен таныстырған. Қытай императорлары қасиетті Ислам діні туралы хабардар болған соң, оны конфуцизм тағылымдарына қайшы емес санап, растаған. Содан соң келген топтың Саад деген өкіліне елде Ислам дінін уағыздауға рұқсат берген. Сондай-ақ, Қытай басшылары әлемнің ең көне астаналарының бірі  Сиань қаласында бірінші мешітті салуға келісім беру арқылы қасиетті Ислам дініне сүйіспеншілік білдірген. Осылайша, Исламның ұлық пайғамбарының хиджратынан сексен жылдан кейін Меккеден сегіз мың километр жердегі Қытайда бірінші мешіт салынды. Бүгінде бұл елден шамамен 45000 мешітті көруге болады.

Қытайға Ислам дінін жеткізген топ теңіз арқылы сол елдің оңтүстігіне енген. Топты Саад ибн Аби Вақас басқарған. Сол себепті Гуандунның орталығындағы мешіт қазір "Рузе Аби Ваккас" деп аталады. Алайда, Саад ибн Аби Вақас қамаридің 55-ші жылы Мединеге жақын жерде дүниеден озып, Бақи зиратында жерленгендіктен бұл мәлімет  дұрыс болмауы мүмкін. Қытайға келген топтың өкілінің есімі де Саад болып, кейін Саад ибн Аби Вақас екеуі бір деп ойлаған болар деген болжам бар.

Рузе Аби Вақас

Қытайдағы өте көне мешіттер көбінесе ағаштан салынып, олардың үстеріне исламдық белгілермен бірге айдаһар мен тасбақаның суреттері салынған. Қытайдың мұсылман сәулетшілері басында мешіттерді салған кезде Исламға дейінгі  өз діндерінен, яғни Тибет буддаларынан үлгі алды. Бірақ, біраздан кейін мешіттерді ислам сәулетінен үлгі алып салатын  болды.

Симметрия – қытайлық сәулет өнерінің көбінің маңызды негіздерінің бірі. Сондықтан мешіттердің құрылысында да симметрия тәсілі сақталды.  Сондай-ақ, төменнен жоғары қалай салынған гүл мен өсімдіктер көрерменді қызықтырып, адамның болмысында құрмет сезімін тудырады.

Мешіттердің көбінің сыртқы құрылысы бірнеше қабатты ғимарат стилінде салынды.  Бір-бірінің қасында орналасқан тіректерінен әдемі суреттерді байқауға болады. Қытайлықтар бұрынғы кезеңде төртбұрышты жердің, шеңберді аспанның белгісі санады. Олардың ойына сәйкес түстер де белгілі бір нәрсені сипаттайды. Олардың мешіттерінде исламдық және Шығыс сәулеті аралас келгендіктен  сәулеттің жаңа түрінің пайда болуына себеп  болды. Қытайлық және араб кеңістігі бір-бірімен араласып, намаздың уақыты арабша және қытайша жарияланып, мінбер мен михраб Құран аяттарымен безендіріліп, жамағат имамы дұғаны араб тілінде оқитын болды. Құран аяттары арабша оқылған соң Қытай тіліне аударылады.

Хуайшэн мешіті:

Гуанчжоу қаласындағы Хуайшэн мешіті 1300 жылдан астам тарихымен Қытайдың ең көне мешіттерінің бірі саналады.

Бұл мешітке қатысты тарихи деректер дұрыс болса, бұл мешіт Қытайдың ғана емес әлемнің ең көне мешіттерінің бірі саналады. Мешіт 618-907-ші жылдар аралығында  Тан әулетінің билігі кезінде салынып, осы уақытқа дейін бірнеше рет қайта жөнделді.

Қытай мұсылмандары

Хуайшэн мешіті "қасиетті" немесе "мемориалдық мешіт" деген мағынаны білдіреді. Бұл мешіт сондай-ақ, "Жарық мұнарасы" деп те танымал. Өйткені, бұрынғы заманда мешіттің биік мұнарасы қасындағы өзендегі қайықтар үшін шамшырақ ретінде пайдаланылды. Теңізшілер мұнараны көрген кезде Жібек жолына жеткендерін түсінетін. Бұл мұнара сонымен бірге азан айту және ауаның жағдайын анықтау үшін де қолданылды. Хуайшэн мешіті осы кезге дейін бірнеше рет қайта жөнделді, бірақ мұнарасы бірінші рет салынған түрде сақталып, Қытайдағы Исламның көне көрінісі болып табылады.

Қытайдағы келесі мешіттің бірі Нюцзе мешіті

Нюцзе мешіті

Нюцзе мешіті – Бейжің қаласында орналасқан Қытайдың ең көне әрі ең маңызды мешіттерінің бірі. Бұл мешіт 996-шы жылы Цин әулеті императорының билігі кезінде салынды. Бір мың жылдан астам тарихы бар Нюцзе мешітінің 11 жамағат имамы бар. Күнделікті 200-ден астам мұсылман жамағат намазына жиналады. Жұма күндері олардың саны мыңнан асады. Бұл мешіт – Бейжің мешіттерінің арасындағы ең әдемі әрі ең көнесі. Мешіттің сырт көрінісі дәстүрлі қытайлық стильде ағаштан салынған.

Бұл мешіттен сәулет және мәдени мұраларды, сондың ішінде  1694-ші жылғы Цин әулетінің тақтайшасын көруге болады. Мешіттің алдынан кірген кезде алтыбұрышты құрылыс көрінеді. Оны «айды қарайтын мұнара» деп атайды. Бұл ғимараттың ішінен суреттер салынған қабырғаны тамашалауға  болады. Содан кейін жамағат намаздары өтетін негізгі шабистан мен негізгі шабистаннан кейін кішкентай залдар мен ислам тәсілімен безендірілген бөлмелер көрінеді. Ислам тағылымдары бойынша адамның суреті салынбайтын болғандықтан, безендіруге араб әріптері мен геометриялық суреттер қолданылды. Мұнараның ортасынан азаншы үшін орын дайындалған. Ішкі алаңында исламдық тәлім-тәрбие беретін сыныптар, мешіттің оңтүстігінде үлкен вузухана орналасқан. 

Бірақ, бүгін 50 миллион жамағаты бар Қытай мұсылмандары көптеген шектеулермен бетпе-бет келуде. Мәселен, Синьцзянда қызметкерлер мен студенттер және ұстаздарға ораза тұтуға тыйым салынады. Кейбір уақытта жергілікті басшылар наразылық білдіретін жамағат имамдарын қоғамдық жерлерде билеуге мәжбүрлейді.

Нюцзе мешіті

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

  

 

 

Тегтер

Сараптама