Feb 19, 2019 18:08 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 55

Мешіт Исламда жоғары орынға ие. Исламның ұлық пайғамбары Медине қаласында исламдық қоғамның құрылуының басында мұсылмандарға мешіттің маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.

Мешіт мұсылмандардың рухани тыныштығында маңызды рөл атқарады. Сондықтан мешітке барып, намазхан, мүмін адамдармен рухани байланыс орнату адамның ішкі тыныштығы мен қуанышына себеп болады. Илаһи жетекшілер өз сөздерінде мешітті «мүміндердің ұясы», адамды алаңдаушылықтарынан алыстатып, тыныштыққа  бөлейтін орталық деп атады. Имам Садық (ғ.с.) мұсылмандарға өмірлік қиындықтар және уайым-қайғымен бетпе-бет келген кезде намаз оқып, мешітті пана тұтуға кеңес берген.

 

Мешіт – мүміндердің панажайы

Мешіт Исламда жоғары орынға ие. Исламның ұлық пайғамбары Медине қаласында исламдық қоғамның құрылуының басында мұсылмандарға мешіттің маңызын іс жүзінде көрсетті. Хазірет өзі қатысып, сахабаларын да мешіттің құрылысына қатысуға шақырып, олардан құрылыс біткенше басқа жұмыспен айналыспауды сұраған. Қазіргі кезде басқа діндердің ғибадат мекендерінің қоғам мен қоғамдық мәселелерге қатысы жоқ. Исламның ұлық пайғамбары негізін қалаған мешіт қоғамның саяси және басқа маңызды мәселелерімен жақын қарым-қатынас орнатып отыр. Мешіт кеңестер өтетін орталық. Өйткені, Алла Тағала өз пайғамбарына маңызды жұмыстар туралы халықпен ақылдасуды бұйырды. Мешіт бұл маңызды амалды іске асыру үшін ең жақсы мекен.

 

Ханаф мешіті

Исламның басында мұсылмандар қайшылық, дау-дамай, қақтығыс, мұқтаждық, қиындық және қоғамның басқа да мәселелерімен бетпе-бет келген кезде мешітке баратын. Пайғамбардың кезінде халықтың иманы мен ақыретке деген сенімі мықты болып, олар дүниеге немқұрайдылық танытып, Алла елшісінің бұйрықтарын іске асыруға табанды болған жағдайда олардың мешітке аталмыш мәселелерге байланысты баруы сирек кездесетін. Өйткені, халық Пайғамбардың (с.ғ.с.) дүниеге немқұрайдылық танытуы мен қарапайымдылығынан үлгі алып, хазірет сияқты өмір сүруге талпынды.

Пәкістандағы Бадшахи мешіті:

Бадшахи мешіті

Бадшахи мешіті – Лахор қаласында орналасқан Пәкістанның тарихи мешіттерінің бірі. Бұл мешіт Гуркан дәуірі сәулетінің салтанатты көрінісі. Бадшахи мешітін салу бұйрығын 1671 жылы моғолдардың соңғы императоры Аурангзеб Аламгир беріп, құрылыс 1673 жылы аяқталды.

Пәкістандағы Бадшахи мешіті

Бадшахи мешіті Пәкістанның екінші үлкен мешіті, әлемнің бесінші ірі мешіті саналады. Оған 50000 намазхан сыяды. Бұл мешіт Пәкістанның тартымды туристік жерлерінің бірі. Лахор биіктігіне қарсы орналасқан мешіттің негізгі кіреберісі Аламгир дарбазасы деп аталады. Бұл дарбаза мешіттің ғимаратына кейін қосылған болатын.

 

Мешіттің кіреберісі

Бадшахи мешіті екі қабат және төртбұрышты пішінде салынған. Мешітте жамағат имамының мекені мен кітапхана бар. Тұртбұрышты мешіттің әрбір қабырғасы 170 метр. Мешіттің солтүстік қабырғасы Рави өзеніне қарай салынғандықтан бұл жағында дарбаза салатын мүмкіндік болмаған. Сондықтан ғимараттың симметриясы үшін оңтүстік дарбазасы да салынбаған. Бадшахи мешітінің сәулеті Аурангзебтің әкесі  Жаһаншаһтың бұйрығымен салынған Үндістандағы Дели Орталық мешітінің  сәулетіне қатты ұқсайды. Бұл екі мешіттің айырмашылығы мынада: Дели Орталық мешітінің мұнаралары сегізқырлы болса, Бадшахи мешіттің мұнаралары төртбұрышты. Қызылтүсті мұнаралар 5,34 метр биіктігімен сегізбұрышты платформаның үстінде үш қабатта орналасқан. Мешіттің қабырғалары ұсақ қызыл тастармен қапталған кішкентай кірпіштерден салынып, тіректерінің негіздері түрлі түсті мәрмәр тастардан қаланған. Мешіттің алаңы күйген кірпіштерден қаланғанымен 1939-1960 ж.ж. қызыл тастарға ауыстырылды.

 

Бадшахи мешітінің мұнаралары

Бадшахи мешітінің ұзын шабистаны безендірілген аркалармен 7 бөлімге бөлінген. Ақ тастан салынған шабистанның ортасынан михраб мен мінберді көруге болады. Бұл бөлім мешіттің орталығы саналады.

 

Бадшахи мешіті

Шабистанның үстінде үш күмбез орналасқан. Ортасындағы күмбез үлкенірек, екі жағындағы екі күмбез кішірек. Күмбездердің бетіне ақ тастармен лилия гүлдері салынған.

 

Бадшахи мешітінің күмбездері

Бадшахи мешітінен тек екі жазбаны көруге болады: бірінші жазба кіреберіс дарбазаның үстінде, екінші жазба шабистандағы негізгі арканың астында орналасқан. Мешіттің кіреберіс есігінің үстіндегі парсы тіліндегі жазу сулс және насталик стильдерінде жазылған. Бұл жерде мешіттің қамари жыл санағы бойынша 1084 жылы (1673 жылы) Аурангзебтің  Фадаихан Куке деп танымал болған бауыры  Мозаффар Хосейн салғаны жазылған.   

 

Бадшахи мешіті, 1863 ж.

Бадшахи мешіті билік басына сикхтер келген кезде өзінің діни тұрғысынан айырылды. Олар 1799 жылы Лахорды басып алып, Панджаб аймағының билігін өз қолдарына алып, бұл мешітті қамал, әскери база және құрал-жабдықтар түрінде пайдаланатын болды. Кейін орынбасарлары арасындағы соғыстарда «Панджаб арыстаны» деген лақап атқа ие болған Ранджит Сингх махараджа Лахордың қамалында қоршауда қалған қарсыластарына ату үшін мұнараларға жеңіл снарядтар орнатты. Қамалдан атылған оқтар  мешіттің көбірек қирауына себеп болды.

 

Бадшахи мешіті

1849 жылдың наурыз айындағы  ағылшындықтар мен сикхтер арасындағы қақтығыстарда мешіт ағылшындықтардың қолына түсті. 1855 жылдың қаңтар айына дейін мешіт жабдықтарды сақтайтын база болды. Сол жылы мешіт мұсылмандарға тапысырылды. Ағылшындықтар мешіттегі мұсылмандардың жұмыстарын бақылау үшін мешіттің шығыс дәлізін бұзып тастады.

 

Бадшахи мешіті

1865 жылы Бадшахи мешітін жөндеу жұмыстары басталды. 1875-1920 ж.ж. Лахор мұсылмандары жинаған ақша және Банджаб үкіметі мешітті жөндеуге бөлген қаржымен жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Бадшахи мешітін жөндеудің екінші кезеңін 1939 жылы үнді халқы істерінің департаменті іске асырды.  1947 жылы Пәкістан елінің құрылуымен мешітті жөндеу жұмыстарын Пәкістан халқы істері жөніндегі департамент өз мойнына алды. Мешітті бастапқы қалпына келтіру жұмыстары 21 жылға созылды. 2000 жылы негізгі арка мәрмәр таспен қапталып, мешіттің әдемілігін арттыра түсті. 

 

Бадшахи мешіті

Бұл мешітке қатысты маңызды оқиғалардың біріне пәкістандық танымал ақын Икбал Лахоридің 1913 жылы Италия Ливияға шабуыл жасаған кездегі өлең оқуы болды. Ол бұл мешітте мұсылмандар жамағатының алдында өзінің «Бе хузуре ресалят-е Мааб» өлеңін оқып, Ливияның шәһидтерін мадақтады. Бұл пәкістандық мұсылман ақын, ойшыл Үндістан мұсылмандары үшін тәуелсіз мемлекет идеясын баяндаған бірінші адам болды. Икбал Лахори пәкістанның ұлттық ақыны саналады. Оның жаназасы дәл осы мешітте мыңдаған адамның қатысуымен  шығарылып, Бадшахи мешітінің сыртында оңтүстік жағында жерленді.

 

Иқбал Лахоридің  зираты

Пәкістанның Бадшахи мешіті ғибадат мекені ретінде сақталуымен бірге тартымды туристік мекен саналады.  Мешіттің екінші қабатындағы бөлмелерінің кейбіреуі қасиетті заттардың қазынасына айналған. Бұл заттар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.), имам Әли (ғ.с.), хазірет Фатима (ғ.с.),  имам Хусейн (ғ.с.), Овейс Қарани мен шейх Әбділқадір Гилани сияқты танымал тұлғаларға тиесілі.  Рауаяттар бойынша, сұлтан Тимур Горгани Шам мен Түркияны жеңіп алған соң бұл қасиетті заттарды қолға түсіріп, оларды өз үкіметінің орталығы Самарқандқа әкеткен. Содан соң Заһираддин Бабур оларды Үндістанға жеткізген. Бұл заттар билік басындағы отбасыларда сақталды. Бірақ 1268 жылы Сейед Нуреддин Монавер оларды сатып алып, Бадшахи мешітіне тапсырған.

 

Бадшахи мешіті

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама