Oct 05, 2019 11:31 Asia/Almaty
  • Иран базары (65) Соңғы бөлім

"Иран базары" атты бағдарламамыздың 64 бөлімінде ИИР-ның кейбір экономикалық салаларына егжей-тегжейлі тоқталдық. Соңғы бөлімде осы бағдарламада талқыланған ең маңызды тақырыптарға жалпы шолу жасаймыз.

Бағзы заманнан осы күнге дейін Иранның географиялық жағдайы бұл ел үшін маңызды геосаяси орын қалыптастырды. Иран жерінен өтетін Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыс өркениеттерін байланыстырды. Ерте кездері Иранның аумағы мен жағдайы оны әлемдегі шығыс пен батыс және солтүстік пен оңтүстік сауда жолдарындағы маңызды тұраққа айналдырғды. Қазір де жаңа Жібек жолы картасында Иран Азия мен Еуропа елдері арасындағы байланыстарды дамытуда әсерлі рөл атқаратын елдердің бірі болып отыр. Иранның географиялық жағдайы Еуропаға тауар транзиттеу үшін ең қысқа жол қалыптастырды. Парсы шығанағы арқылы азат суларға қолжетімділік – Иранның тағы бір артықшылығы. Бұл Орта Азия мен Кавказдың құрлықта қамалған елдерінің азат суларға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, оларға әлемнің маңызды бөлігінің экономикасымен байланысуға мүмкіндік жасап отыр. Иранның геосаяси маңыздылығы және әлем экономикасының болашағындағы орнымен қоса, Иранның экономикалық әлеуеттері мен қуат көздерінің молдығы соншалықты, Макнези институты өзінің есебінде Иранның экономикалық болашағы жайлы болжам жасады: "Біз мынадай нәтижеге жеттік: Иран өзінің жалпы ішкі өніміне 1 трлн доллар қосып, 2035 жылға дейін 9 млн жаңа жұмыс орнын ашуға шамасы жетеді".

 

Иран экономикасының негізгі салаларының бірі – қуат көздері. Иран әлемде  расталған газдың ең үлкен қоры мен расталған мұнайдың төртінші қорына ие. Иранда мұнай-газ өндіру шығыны басқа өндіруші елдердің көбімен салыстырғанда төмен. Мұнай мен газ – мұнай-химия өнеркәсібін қалыптастырудағы басты өнеркәсіп салаларының бірі. Иран әлемде мұнай-газ қорларының көлемі жөнінен алғашқы ел болғандықтан бұл елде мұнай-химия өнеркәсібін дамыту күмән тудырмайтын тақырып болып табылады.  

Ирандағы бұл өнеркәсіптің маңызды артықшылықтарының қатарына қоректің алуандығы, азат сулар мен білікті адам ресурстары жатады. Мұнай-химия өнеркәсібі – Иранда мұнай-газ өндірісінің қосымша құнын қалыптастыратын негізгі экономикалық салалардың бірі. Иранда 50-ден астам мұнай-химия компаниясы жұмыс істейді. Олар жылына 62 млн тонна өнім өндіріп, елдегі мұнайдан тыс экспорттың 40 пайызға жуығын құрап отыр.

"Иран базары" бағдарламасының келесі бір бөлімінде қарастырылған тақырыптардың бірі – Иранның басқа қуат көздеріне, соның ішінде электр қуатын өндіруге инвестиция салуы. Иран әлемде тартылған электр желілерінің әлеуеттері тұрғысынан әлемнің 20 елінің бірі саналады. Ал Батыс Азияда бірінші орынға ие. Иранның экономикалық ерекшеліктерінің бірі – кейбір мұнайлы елдермен салыстырғанда экономикасының әралуандыққа иелігі. Иран экономикасы мұнай мен газға қатты бағынышты емес. Елдің аумағы 1 млн 648 мың шаршы шақырымнан асады. Осы жердің үштен бірі ғана егіншілікке жарамды. Ирандағы дәстүрлі егіншілікке жарамды жердің шамамен 38 млн гектардың орташа алғанда тек 15 млн га жеріне ғана егін егіледі. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мағлұматы бойынша, Иран әлемнің басты ауылшаруашылық өнімдерінің 66 пайызының үштен бірін өндіруде бірден онға дейінгі орындарды иеленеді. Иранда бау-бақша өнімдерінің алуандығы ерекше. Иран бау-бақша өнімдерін өндіру тұрғысынан 15 маңызды өніммен үшінші орынды, 10 өнімді экспорттау тұрғысынан әлемде бірден онға дейінгі орындарды иеленеді. Әлемдегі негізгі 25 бау-бақша өнімінің 15-і Иранда өндіріледі. Бұ ел пісте, құрма, інжір, алма, зейтүн, анар мен шие сияқты кейбір бау-бақша өнімдерін өндіру бойынша әлемде айрықша орынға ие.

Айта кету керек, шафран мен бөріқарақат, зире сияқты жоғары дәрілік құндылықтарға ие кейбір өнімдер басты ауыл шаруашылығы өнімдерінің қатарына жатпайды. Иран әлемде осы құнды өнімдерді өндіретін ең ірі ел болып табылады.

 

Иранның шафраны әлемде теңдессіз

 

Қазіргі заманда көптеген қызметті экспорттауға болады. Ғылым мен технология алмасуға болатын құнды өнімге айналды. Иранның инженерлік компаниялары әртүрлі елдерде шамамен 700 жоба орындауға қатысты. Иранның бұл елдерге экспорттаған инженерлік-техникалық қызметтерінің көбі индустриалдық жобалар, мұнай-газ және мұнай-химия жобаларын орындау, электр стансталарын салу, жол және құрылыс жобаларын орындау қалыбында болды. "Достық" және "Хода Афарин" атты екі бөгет екі көршілес ел – Түркіменстан мен Әзірбайжан республикасында ирандық инженерлердің басқаруымен салынған ортақ бөгеттер.

Иран қазба байлық қоры тұрғысынан әлемдегі 10 елдің бірі және Батыс Азиядағы бірінші ел болып табылады. Әлемдегі қазба байлықтың 7 пайызы Иранда орналасқан. Осы мол қазба байлық Иранды өнеркәсіпке қажет шикізатпен қамтамасыз ету тұрғысынан әлемнің ең бай аймақтарының біріне айналдырды. Осы уақытқа дейін Ирандағы шамамен 6 мың кен орнынан 70 түрлі минералды зат анықталған. Сондай-ақ, Иранда құны 770 млрд доллардан асатын 40 млрд тонна расталған қоры бар 15 мың аудан анықталды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Иран қазба байлығының молдығына байланысты әлемде "тау-кен жұмағы" атанған. Керманның "Сарчешме" мыс кен орны, "Чадапмалу" темір кен орны, "Сунгун Варзақан" мыс кен орны, "Пабдана" көмір кен орны, "Зәршуран" алтын кен орны, Нишапурдағы көгілдір ақық кеніші сияқты әлемдегі 12 маңызды кен орны Иранда орналасқан. Иранның анықталған мыс қорлары 30 млн тоннадан асады. Әлемдегі мырыш қорының 8 пайызы мен қорғасын қорының 3 пайызы Иранда орналасқан. Бұл ел әлемде декоративті тастар өндіру бойынша төртінші орында. Иран уран, көмір мен темір қорларына байланысты әлемдік тізімде жоғары орында тұр. Болжамдар мен зерттеулерге сәйкес, Иран темір, мырыш, қорғасын, мәрмәр, мыс пен алтын  белдігінде орналасқан әрі кемінде бір ғасырға дейін  минералды заттар өндіруге қабілетті.

Иранның қазіргі экономикасының ерекшеліктерінің біріне іргелі ғылымға негізделген компаниялары жатады. Бұл компаниялардың жұмыс істеу аясы және жеткен жетістіктері "Иран базары" бағдарламасының бірнеше бөлімінде талқыланды. Иран білімді де білікті адам ресурсы тұрғысынан жоғары әлеуетке ие. Әлемде ЖОО-да білім алу деңгейі тұрғысынан ең жоғары орынға ие. Иранда білім алған адамдардың үштен бірінен астамы инженерияға қатысты мамандықтарды игерген. Иран жыл сайын осы салаға қатысты мамандықтарда оқып бітірген түлектер саны тұрғысынан әлемнің алғашқы 5 елінің қатарына енеді. Иранда іргелі ғылымға негізделген жүздеген компания мен ондаған ғылыми парк, ғылым мен техниканы дамыту орталықтары құрылған. Олар әуе-ғарыш, байланыс және коммуникация, электроника, медицина және фармацевтика, мұнай-газ, энергетика, діңгекті жасушалар, баспа және буып-түю салаларында жұмыс істейді. Олар көптеген идеялар мен жаңалықтар ашып, кейде коммерциялау арқылы өз өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға енгізді.

 

Иранның нано саласындағы жоғары орны

Иранда нанотехнология саласында іргелі ғылымға негізделген 300-ден аса өнім өндіріліп, әлемнің 17 еліне экспортталады. Иран зертханалық құрал-жабдықтар, өнеркәсіп құрылғылары, текстиль өнімдері, жуғыш заттар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен құрылыс материалдарын өндіру арқылы 2016 жылы әлемде нано ғылымындағы өндіріс бойынша алтыншы орын алды.

Дүниежүзілік қаржы қорының статистикалық есебіне сәйкес, Иран 2017 жылы әлемдегі ең ірі он сегізінші экономика ретіндегі орнын сақтап қалды. Осы халықаралық ұйымның есептеулері бойынша, Иранның жалпы ішкі өнімі 2017 жылғы сатып алу қабілеті негізінде 1630 млрд долларға жетті. Осы негізде әлемдегі 193 елдің арасынан Иран 2017 жылы жалпы ішкі өнімінің көлемі жөнінен 18-ші орынға ие болды. Бұл есепте Иранның 2018 жылғы жалпы ішкі өнімі 94 млрд долларға өсіп, 1724 млрд долларға жетеді деп болжанды. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ пен оның одақтастары Иран халқына салған санкциялар салдарынан туындаған экономикалық  қиыншылықтарға қарамастан осындай жетістіктерге қол жеткізілді.

Ардақты ағайын, "Иран базары" атты бағдарлама сіздерге исламдық Иранның экономикалық  әлеуеттерінің бір бөлігін таныстырды деп үміттенеміз.

 

Тегтер

Сараптама