Мамыр 12, 2019 20:58 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 7

Рамазан айы – жаңару мен қайта бастау үшін жақсы мұрсат. Рамазан – күнәләрі үшін тәубе етіп, Аллаға жақындайтын мұрсат. Рамазан келген кезде дүниежүзінің әртүрлі елдері ерекше көңіл-күйге бөленеді.

 

Филиппин – шамамен 12 миллион мұсылман өмір сүретін және қасиетті рамазан айын өзіне ғана тиесілі рәсімдерімен қарсы алатын мемлекет. Филиппинде рамазан айының басталуы мұсылмандар істері жөніндегі ұлттық комитетпен жарияланады. Бұл мұсылман ел рамазан айы басталардан бұрын мешіттерді безендіріп, оларға түгел кілем төсейді. Филиппиндіктер мешіттерде ғибадат жасайтын және басқа мұсылмандар туралы хабардар болатын жер деп біліп, мешітте намаз бен Құран оқуды маңызды санайды. Филиппиндегі танымал мешіттердің бірі – Димауком мешіті. Қызғылт мешіті деп танымал болған бұл  мешіт елдің Магинданао провинциясында орналасты. Оның құрылысы 2014 жылы аяқталды. Аталмыш мешіт христиан жұмыскерлермен салынып, мазхабаралық бірліктің белгісі болды. Оның қызғылт түсі - бейбітшлік пен махаббаттың көрінісі. Рамазан айы бойы мұсылмандар қызғылт киім киіп, бұл мешітке намаз оқып, басқа ғибадаттарын орындап, бір-бірлерін көру үшін келеді.

Филиппиндық балалар рамазан айында өте көңілді болады. Олар мешітте Құран Кәрімді қырағат етуге қатысады. Оларға  басқалардан жасы үлкенірек адам Құран оқуды үйретеді. Сәресінен бұрын балалар түрлі киімдерін киіп, қолына шырақ немесе ұқсас нәрсе ұстап, сәресі туралы өлеңдерін айтып, көше жағалап, мұсылмандарды рамазан айының сәресін жеп-ішуге оятады. Филиппин мұсылмандары ауызашар мен сәресі дастархандарын арнайы тамақтар және тәттілермен толтырады. Олардың ішінде қант, банан және үнді бадамы қосылатын сүтті көруге болады.   "Әл-Аяам" сәресі мен ауызашар кезінде желінетін тәтті тағмадардың бірі. Ораза айт күні бұл елдің мұсылмандары мешіттер мен басқа діни залдарға жиналып,  айт намазын оқып болған соң бір ай оразаның сәтті аяқтағандары үшін  тойлайды.

     *******************

Қытай  - шамамен 1 млрд 400 млн халқы бар және олардың 20 миллионнан артығын мұсылмандар құрайтын жер аумағы кең мемлекет. Бұл елдегі  56 ұлттың ішінде 10 ұлты Ислам дінінің жақтастары. Мұсылмандардың ең көп саның ұйғыр және хуэй ұлттары құрайды. Қытайдың бүкіл жамағатымен салыстырғанда мұсылмандар саны аз болғанымен, олардың арасында бірлік пен біртұтастық орнатылды. Қытай мұсылмандары басқа елдер мұсылмандары сынды қасиетті ай басталмастан бұрын оны қарсы алуға дайындалып, үйлері мен мешіттерді шаң-тозаңнан тазартады. Мешіттер Қытай мұсылмандары үшін өте маңызды. Бұл мешіттердің бірі - Бейжін қаласындағы Нюцзе мешіті. Бұл мешітке рамазан айында күн сайын жамағат намазға қатысу үшін бір мыңнан астам мұсылман жиналады. Нюцзе мешіті - 996 жылы салынған Қытайдың ең көне мешіттерінің бірі.

Мешіттерде ауызашар дастархандары жайылып, ораза тұтушыларға  әртүрлі тағамдар ұсынылады. Әр мұсылман үйіне жақын мешіттке барып, өзімен мешітке тамақ пен ішімдік алып бара алады. Қытай мұсылмандары дастархандарын бірігіп жаяды. Олар оразаларын банан, қарбыз, кептірілген жүзім және құрмамен ашады.

Ораза айт мейрамы келген кезде Қытай мұсылмандары жаңа киімдерін киіп, елдің түпкір-түпкіріндегі мешіттерде жиналып, Ораза айт намазын оқиды. Содан соң қабірлерге барып. Өлгендер үшін кешірім сұрайды. Бұл үлкен исламдық мейрам әсіресе мұсылмандар өмір сүретін Шыңжан аймағы үшін ең маңызды діни рәсімдердің бірі болып табылады. 

     *******************

Индонезия - әлемдегі исламдық елдер арасында ең көп жамағатқа ие Оңтүстік-шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Бұл елдің бүкіл халқының 86 пайызын мұсылмандар құрайды. Олар басқа елдер мұсылмандары сынды қасиетті рамазан айын арнайы рәсімдерімен қарсы алады. Индонезияның кейбір аймақтарында Nyorog, Perlon, және Nyadran деген рәсімдері өтеді.

Nyorog рәсімі бетави тайпасында өтеді. Бұл рәсім кезінде кейбір адамдар қасиетті рамазан айының басталуының құрметіне көшелерге шығып, сәресіне дейін дабыл соғып, өздерін рамазан айының бірінші сәресін жеп-ішуге дайындайды. Ауызашар жақындаған кезде, мағриб намазының алдында ораза тұтқан мұсылмандар өз аймақтарындағы мешіттерге жиналып, сол жерде құрма және су немесе шәймен ауыздарын ашады. Содан соң жамағатпен намаздарың оқып, үйлеріне қайтып, тамақтанады. Индонезиялықтардың ауызашар дастарханына көбінде күріш пен көкініс, тауық пен мал еттерінен дайындалған тамақтар қойылады. Индонезия мұсылмандары да рамазандарын аяқтап, Ораза айт мейрамын тойлайды. Бұл күні бір ай ораза тұтқан халық жаңа және  түрлі-түсті киімдерін киіп, бұл күннің діни рәсімдеріне қатысады.

Ораза айттың алдындағы кеште Индонезия мұсылмандары көшелерге шығып, "Аллаһу Акбар" деп айқылап, дабыл соғып, айттың өлеңдерін айтып, бір-бірін құттықтайды. Индонезия халқының ежелден келе жатқан рәсімдерінің бірі Ораза айт демалыстарында басқа қалаларға сапар шегіп, жақындарын көріп, демалып қайту болып табылады. Индонезияда көбінде Ораза айт демалыстары бір аптадан асады. 

      *******************

Малайзия - халқының 60 пайызын мұсылмандар құрайтын мемлекет. Бұл елдің көпшілігі малайлықтар, сондай-ақ бұл елде аз сандылар ретінде қытайлықтар мен үнділіктер мекендейді. Малайзия халқы қасиетті рамазан айын  Bulan puasa деп атайды. "Bulan" - ай және "puasa" – ораза тұту. Малайзияда да басқа исламдық елдердегіндей бұл айдың ерекше рәсімдері бар. Қасиетті рамазан айында бұл елдің қалаларының көбінде діни кеңістік орнатылады. Малайзия мешіттері өз жұмысын таңғы азаңнан бір сағат бұрын  бастап, мағриб намазына дейін жалғастырады. Мешіттерде Құран үйрету мен Құран оқу жиындарына көптеген халық қатысады. Малайзияның кейбір телеарналары діни бағдарламаларын арттырады.

Малайзия - жыл бойы туристер ағылатын мемлекеттердің бірі. Алайда рамазан айы басталған кезде қалаларының қоғамдық кеңістігі өзгереді. Куалалампур ресторандары қасиетті рамазан айында ауызашарға дейін жабылып, тек мұсылман емес қонақтарын қабылдайды. Бірақ ауызашар уақыты келген кезде ресторандар мен базарлар жұмыстарын бастап, сәресіне дейін ашық тұрады.

Малайзия мешіттердінде ауызашар беру кеңінен таралған рәсім. Күн сайын ораза тұтушылар үшін дастархан жайылады. Малайзия мұсылмандарының дастарханында рамазан айында   күріш пен еттен пісіріліп, кокостың суы мен дәмдеуіштер қосылатын тамақ жиі көрінеді.

Ораза айттың алдындағы түнде Малйзия көшелерінде от ойындары басталып, көшелерде көптеген шырақтар жағылып, айттың келуін білдіреді. Ораза айт күні бұл елдің мұсылмандары да Айт намазына қатысады. Ораза айт намазы негізінде Аллаға алғыс айту. Сонымен қатар мұсылмандар үшін Ораза айт намазына жиналып, намаз аяқталған соң бір-бірлерімен кездесуге мұрсат тудырады.                                                                                                                                                                                                                                              

 

Тегтер

Сараптама