Sep 29, 2019 20:12 Asia/Almaty
  • «Қасиетті қорғаныс» соғысының қолбасшылары 5

Әли Читсазиан дұшпанның тікен сымдарынан өз нәпсісінің тікен сымдарынан өте алған адам өтеді деген.

 

«Хабардар болудың кілті – батылдық пен ақыл. Имансыз батылдықтың да пайдасы жоқ. Иман Алла мен пәк имамдардың велаятына сенім артудан туындайды. Намазын дер уақытында оқымайтын адам барлау әрекеттерінде мақсатына жетпейді, тіпті жетсе де қолдаусыз соғысқандай». Әлидің сөзі қарапайым әрі жүрекке қонымды болды. Хамадан диалектісінде айтылған оның мейірімі баршаны таңдандырды. Жатығудан соң жаттығу, дұға, намаз…

 

 

Шәһид Әли Читсазиан

 

«Түн ортасынан ауды. 1366 жылдың 28 абаны күнгі ауа-райы суық қыстың белгісі еді. Оның жеке заттарын сөмкеге салдым да әдеттегідей көлік жүріп кеткенше қасында тұрдым. Ол қоштасқан кезде: «Кешір»,- дейтін. Мен: «Шапағат етуді ұмытпа»,- деп жауап беретінмін. Құранды басының үстінде ұстап тұрып: «Қашан ораласың?»- деп сұрадым. Ол: «Бұл жолы кеш ораламын», - деді. Менің алаңдағанымды сезіп: «Алаңдама, бір аптадан кейін ораламын, бірақ ешкімге айтпа», - деді. Бір аптадан кейін Әлидің шәһид болғаны туралы хабар келді». 

Бұл қолбасшы Әли Читсазианның әйелінің жұбайымен қоштасуы туралы естелігі. Бұл шәһидтің ерлігі жанкештілік пен қарсыласудың үлгісі болды.

Әли Читсазиан хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1341 жылы (1962ж.) хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күнімен тұспа-тұс Хамаданда дүниеге келді. Ол бала кезінен жауынгерлік өнерді жақсы көрді. Ол бастауыш және орта сыныптарын жанұясының кедей жағдайында өткізіп, жұмыс істеп жүрді. Оның жоғары сыныптары революцияның жеңісіне дөп келді. Ол миллиондаған ирандық сынды Ислам революциясының жеңісі жолында көп еңбек сіңірді.

Имам Хомейнидің 20 миллиондық армия құру бұйрығынан кейін басидждер қатарына еніп, Хамаданның Құдс базасында әскери жаттығулардан өтті. Әскери икемі, ақылы мен парасаты жоғары болғандықтан ол көп ұзамай жаттықтыру күштерінің қолбасшысы болып сайланды. Содан соң әскери жаттығу орталығының қолбасшысы болды. Әли жаттықтырған күштердің саны бірнеше мыңнан асады.  БААС режимі Ислам республикасына шабуыл жасаған соң Ансар әл-Хосейн (ғ.с.) батальонын құрып, таулы жерлерде соғыс жүргізуді үйрету міндетін мойнына алып, әрекет аймағына аттанды.

 


 

"Мүслім бен Ақил" операциясы кезінде Әли 17 жаста болғанымен, Ислам жауынгерлерінің тұтқынына түскен 140 дұшпанды Ирак жерінен соғыс майданының тылына жеткізіп, ерлік көрсетті. Әли Читсазиан Ансар әл-Хосейн (ғ.с.) батальонын құрып, оның барлау қолбасшысы ретінде сайланып, көптеген операцияларға қатысты. Ол алты рет жараланғанымен майданға қайтып оралды.

Әли Читсазиан Ислам революциясы Сақшылар корпусының басқа қолбасшылары секілді  Ансар әл-Хосейн (ғ.с.) батальонының  барлау қолбасшысы міндетіне ие болғанына қарамастан еш уақытта басидж күштерінен алыстамады. Операциялар кезінде дұшпанның шоғырланған жерлерін анықтау  міндетін алдын-ала атқарғанымен қолына қару алып, жаунгерлермен бірге операцияларға қатысты. Әли Читсазиан «Кербала 4» және «Кербала-5» операцияларына Ансар әл-Хосейн (ғ.с.) батальонының  барлау қолбасшысы ретінде қатысып, Алланың дұшпандарымен күресіп, ержүректік көрсетті. Осы кезге дейін Шаламченің түпкір-түпкірі оның ерлігін ұмытқан жоқ. Негізінде бұл ерлік тарихта еш уақытта ұмытылмайды. Оның ерекше ақылы мен шешім қабылдау қабілеті Ансар әл-Хосейн (ғ.с.) батальоны     қолбасшысының: «Әлидің арқасында біздің операцияларымыздың қиындықтарының көбі шешілді»,- деп айтуына себеп болды.

 

Операция кезінде барлық жауынгерлері шәһид болып, өзі жалғыз артқа шегінуге мәжбүр болған кезде бір топ Саддам күштерімен бетпе-бет келді. Ол батылдықпен өзің таныстырып: «Мен Әли Читсазианмын: «сары шаян». Егер қарсылассаңдар, соңғы оғыма дейін соғысамын. Сондықтан бағынып, өмірлеріңді сақтап қалыңдар»,- деді.

Әли Читсазиан таңылған соғыс кезінде дұшпанның жеріне сан рет өтіп, имам Хосейнді (ғ.с.) зиярат етуге барды. Ирактық қолбасшылар оны «сары шаян» деп атап, Саддам оның басы үшін сый тағайындаған болатын.  Әлидің батылдығы мен ақылы оны теңдессіз барлау күшіне айналдырды. Оның жасаған барлаулары Иранның жеңісіне маңызды үлес қосты. Әли Читсазиан соғыс майданында хазірет Әли (ғ.с.) секілді соғысып, шәһид болғысы келді. Ол нәпсісін жеңіп, өзін қадір-қасиеттермен безендірді. Ол: «Дұшпанның тікен сымдарынан өз нәпсісінің тікен сымдарынан өте алған адам ғана өте алады»,- деп айтқан болатын.

Исламның жанкешті жауынгері, ұлттық сардар 1366 жылдың 4 азарында 25 жасында барлау міндетін орындау кезінде шәһид болды. Аятолла Хаменеи бұл шәһид туралы: «Бұл - жас кезінде илаһи тұлғалардың дәрежесіне, жер мен аспанда ғиззатына жеткен ердің жиһад пен ықыласқа толы өмірінің таңдандыратын оқиғасы",- деді.

 

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама