Қаз 25, 2018 18:32 Asia/Almaty
  • Ауғанстан сайлауы сол елде қауіпсіздік пен тұрақты дамуға қол жеткізу жолындағы жағымды оқиға

Ауғанстанды парламенттік сайлаудың өтуімен құттықтап, мұны демократияны орнату және қауіпсіздік пен дамуға қол жеткізу жолындағы жағымды оқиға деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Ауғанстан үкіметі мен халқын парламенттік сайлаудың өтуімен құттықтап, бұл елде жаңа Парламент іске кіріскеннен кейін өзгеріс үдерісінің кейбір мәселелерді шешуге, бейбітшілік пен тұрақты қауіпсіздік орнату жолына бағытталатындығына үміт білдірді.
Ауғанстан парламенттік сайлауының он жетінші кезеңі 2018 жылдың 20-21 қазанында қауіпсіздік саласындағы қатерлі жағдайға қарамастан 34 уалаяттың 32-сінен 4 млн-нан астам адамның қатысуымен өтті.
Ауғанстан парламенттік сайлау комиссиясының басшысы Абдулбади Сайяд сайлаудың алғашқы нәтижесінің 6 қарашада, қорытынды нәтижесінің 20 желтоқсанда жарияланатынын мәлімдеді.
 

 

Тегтер

Сараптама