Қаз 28, 2019 15:27 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестігін күшейту саласындағы жаңа айласын сынады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестігін күшейту саласындағы жаңа айласын сынады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Твиттердегі парақшасында: «Алдамшы уәждеріне қайшы АҚШ-тың жаңа заңдары Иранның қарапайым халқына қарсы экономикалық лаңкестікті күшейтеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұдан бұрын «Иран халқы тамақтанғысы келсе, АҚШ-қа бағынуы керек» деген болатын. Енді АҚШ Қаржы министрлігі азық-түліктен басқа Иранның дәрі-дәрмек импортын да нысанаға алып отыр»,- деп жазды. АҚШ Қаржы министрлігі мәлімдеме жариялап, Иранға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жіберу экспортын жеңілдететін жаңа механизм құрғанын хабарлады. Бұл министрлік өз елі үкіметінің Ислам республикасын оқшаулау талпыныстары туралы уәждерін қайталап, Иранға гуманитарлық көмек жіберуге кепіл беретін жолды ұсынғанын мәлімдеді.  

 

Тегтер

Сараптама