Қар 02, 2019 20:53 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тек міндеттемелер орындалғанда ғана сақталады

ИИР Вице-президенті: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тек барлық тарап өз міндеттемелерін орындап, Иран осы келісімнің экономикалық тиімділігін пайдалану мұрсатына ие болғанда ғана сақталады»,-деді.

Исхақ Джахангири сенбі күні Өзбекстанның Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Премьер-министрлерінің 18‑ші отырысында сөйлеген сөзінде: «АҚШ «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иран келісімнің басқа тараптарымен келіссөздерді жалғастыруға әзір екенін жариялады. Одан бір жыл өткен соң осы бағдарламадағы ядролық міндеттемелерді орындауды тоқтату үдерісін бастады. Ядролық келісімнің басқа тараптары өз міндеттемелерін орындаған жағдайда Иран келісім аясында ядролық міндеттемелерін орындауды жалғастырады»,‑деді.

Джаһангири Теһранның лаңкестікпен күрес және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аймақтық және халықаралық деңгейде әріптестік жасауды маңызды санайтынын айтып: «Ормұз бұғазындағы кеме қатынасы жүйесі барлық кеменің зиянсыз өтуіне негізделген. Иран осы бұғаздың қауіпсіздігін сақтау және су шекараларын қорғауға бағытталған кез келген шараны өз құқығының ажырамас бөлігі санайды»,‑деді.

 

Сараптама