Қар 10, 2019 19:12 Asia/Almaty
  • Бүгін Бушерде АЭС екінші бөлігінің бетоны құйылды

Иранның оңтүстігіндегі Бушер АЭС екінші бөлігінің бетон құю рәсімі Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехидің қатысуымен басталды.

Иранның Бушер АЭС-і жобасын орындаушы Махмуд Джафари жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Бушер АЭС-інің екінші бөлігінің қазаншұңқыр (котлован) қазу және топырақ алу амалдары 3 жыл бұрын басталған. 2,5 млн текше метр топырақ алынып, 2500 тонна арматура тартылып, жерді бекіту және іргетас (фундамент) орнату жұмыстары аяқталған соң енді бетон құю кезеңі келіп жетті",-деді.

Джафари  АЭС-те бетон құюдың маңызды оқиға саналатынын айтып: "Бетон құю басталғаннан кейін объект салынып жатқан АЭС-тер тізіміне енгізіліп, оған қатысты басқа да жұмыстар атқарыла бастайды",-деді.

Бушер АЭС-інің бірінші бөлігі 1000 МВт электр қуатын өндіруге қабілетті. Осы екі жаңа бөлім іске қосылғаннан кейін 2114 МВт Иранның электр қуатын өндіру әлеуетіне қосылады.

Сараптама