Қар 27, 2019 15:18 Asia/Almaty
  • Зариф Теһрандағы Талибанның саяси бюросы басшысымен сөйлесті

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның Ауғанстанға бейбітшілікті қайтару талпыныстарының жалғасында Талибанның саяси бюросы басшысы және топтың келісімгер делегациясымен кездесіп, сұхбаттасты.

 


IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Молла Барадармен кездесуінде ИИР-ның үкімет және барлық ықпалды саяси күштердің қатысуымен ауғанаралық диалогты қалыптастыруға және нығайтуға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл кездесу  Ауғанстанға бейбітшілік пен тұрақтылықты қайтару талпыныстары аясында орын алып, оның ең маңызды мақсаты ауған топтарды өзара келісөздер жүргізуге, мәселені келіссөздер арқылы шешуге жігерлендіріп,  ауғандық күштердің шетелдік күштерді шығару талпынысын қолдау және олар кеткеннен кейінгі Ауғанстаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп жарияланды.

 

 

Тегтер

Сараптама