Қар 27, 2019 20:09 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран халқы өз ұлылығымен қатерлі қастандықты тағы залалсыздандырды

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының өткен аптадағы үлкен қозғалысына алғысын айтып: «Иран халқы бұл қозғалысымен дұшпанның алдын-ала жоспарланған қастандығын залалсыздандырды»,- деп қуаттады.

 

 
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні мыңдаған басидждермен кездесуінде «Басидждер апталығымен» құттықтап: «Дұшпандар жуырдағы қастандықтарын жоспарлау үшін көп қаржы жұмсады. Сондықтан қирату әрекеттерін, адам өлтіру және бүліктер үшін пайдаланатын мұрсатты күткен болатын. Олар бензин бағасының қымбаттауыy өз күштерін майданға шығару үшін қолайлы уақыт деп ойлады. Бірақ Иран халқы өз ұлылығын көрсетіп, дұшпанның әрекетін залалсыздандырды. Иран халқының әртүрлі қалаларындағы үлкен қозғалысы әлемдік үстемдік пен сионизмге қарсы соққы болып, оларды артқа шегінуге мәжбүрледі»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі үстемшіл жүйені бүкіл Иран халқының дұшпаны деп атап: «Басидж халық пен ел үшін маңызды болғандықтан дұшпанның қастандықтарының нысанасына түсіп отыр. Әрине басидждің бұл күресте жеңіске жететініне күмән тумайды»,- деді. Аятолла Хаменеи қоқан-лоққылар  мен исламдық жүйенің неліктен үнемі қоқан-лоққылармен бетпе-бет келетініне тоқталып: «Исламдық жүйе Ислам мен ислам құндылықтарына сүйеніп, әділет пен азаттықтың туын көтерді»,- деді.
 

 

 

Сараптама