Жел 03, 2019 19:00 Asia/Almaty
  • Бандар-Аббаста өте жеңіл үш ұшақтың тұсаукесер рәсімі өтті

Барлау жаттығуларына арналған үш "Чаковак" ұшағы Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббаста Иран армиясы әскери-теңіз күштеріне қосылды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хосейн Ханзади сейсенбі күні үш "Чаковак" ұшағының  Иран армиясы әскери-теңіз күштеріне қосылу рәсімінде сөйлеген сөзінде "Чаковак" ұшағының бір моторы бар, екі адамдық ұшақ екенін айтты. Ханзади ұшақтың 280км/сағ жылдамдыққа ие екеніне тоқталып: "Өте жеңіл "Чаковак" ұшағы 4 сағат 30 минут ұшу мүмкіндігіне ие. Бұл ұшақты ирандық мамандар жасады. Үш  ұшақтың жасалуымен 195000 еуро үнемделді",- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама