Жел 13, 2019 19:06 Asia/Almaty
  • Джаһроми: Иранда пошта пакеттерін енді ұшқышсыз ұшақтар тасымалдайды

Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі «Post Plus» қызметінің іске қосылғаны жөнінде хабарлап: «Енді пошта пакеттерін ұшқышсыз ұшақтар тасымалдайды. Олар Иранның бүкіл аймағына жетеді»,- деді.


Fars News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Джаһроми бейсенбі күні Twitter-де жазба жариялап: «Дәрі-дәрмекті ауруханалар мен аралдарға жеткізу,  адамдардың бір-біріне тосын сый жасау секілді қызметтер халыққа ұсынылады. Қазіргі таңда мұндай қызмет әлемнің санаулы елінде ғана бар»,- деп жазды. Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі сондай-ақ ұлттық пошта компаниясының толығымен Иранда жасалған электромашина, электромотоцикл және электрвелосипедпен жабдықталғанын хабарлап: ««Post Plus» қызметінің іске қосылуына байланысты 14 желтоқсанда пошта арқылы Иранның түкпір-түкпіріне хат тегін жіберіледі»,- деді.

 

 

Сараптама