Жел 23, 2019 21:54 Asia/Almaty

ИИР Президенті Теһран мен Нью-Делидің қарым-қатынасын одан ары кеңейту қажеттігіне мүдделік танытты.

Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманьян Джайшанкармен кездесуінде аймақтың қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз етудің Иран мен Үндістан үшін өте маңызды екеніне тоқталып, ИИР-ның аймақта, әсіресе Парсы шығанағы мен Оман теңізінде текетірестерді азайтып, тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтінін айтты.

Рухани Иран мен Үндістанның басқа елдермен жан-жақты ынтымақтастық жасауын маңызды бағалап: "АҚШ ерте ме, кеш пе президенттік сайлауға дейін бе, кейін бе бәрібір Иранға барынша қысым жасау саясатынан бас тартуға мәжбүр",-деді.

Үндістанның Сыртқы істер министрі екі елдің жеке және мемлекеттік секторларындағы әріптестікті кеңейту қажеттігін қуаттап: "Иран мен Үндістан бір-бірімен ерте замандардан бері терең әрі шынайы қарым-қатынас жасап келе жатыр",-деді.

Тегтер

Сараптама