Жел 30, 2019 21:00 Asia/Almaty
  • Иран халқы үстемшілдерге қарсы рухты нығайтуы керек

Иранның түкпір-түкпірінде 9 дей күнін ұлықтау рәсіміне қатысқандар үстемшілдерге қарсы рухты нығайтып, дұшпандарды жан-жақты соғыста жеңу үшін қырағылықты сақтау қажеттігін қуаттады.

Иран халқы дүйсенбі күні осы салтанатты рәсімнің қорытынды мәлімдемесінде ішкі әлеуеттерге сүйену және қарсыласу экономикасын орындау қажеттігін қуаттап, барша халықтың Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларына берік болуын абырой-айбынды сақтап, арандатушылықтарды жеңіп, қоғамның қиындықтарын шешудің құпиясы деп атады.

Рәсімге қатысушылар, сондай-ақ, АҚШ-тың Ирактың "Хашд әш-Шааби" халықтық күштерінің позицияларына әуе шабуылдары мен Ақ үйдің қарсыласу қозғалысын тұрақсыздандыруға бағытталған қастандығын айыптады.

Бұл мәлімдеме, сондай-ақ, Нигерия үкіметінің осы елдегі исламдық қозғалыстың жетекшісі шейх Ибраһим Закзакиге қарсы айуандық қатынасын айыптап, әлем мұсылмандары мен азаттықты сүюшілерден халықаралық қауымдастықтың әлеуеттерін пайдаланып, шейх Закзакиді науқасы ушықпай тұрғанда тез арада емдетуге талпынуды сұрады.

Сараптама