Қаң 03, 2020 16:43 Asia/Almaty
  • Иранның заң шығарушы және сот органдарының басшылары генерал Сулейманидің шәһид болуына байланысты көңіл айтты

Иран Сот органының басшысы мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы жеке жеке жолдауда Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал майор Қасым Сулейманидің шәһид болуына орай көңіл айтты.

Иран Сот органының басшысы сейіт Ибраһим Раиси жұма күнгі жолдауында  АҚШ‑тың генерал Сулейманиді шәһид еткен қылмысын айыптап: «Бүгінде қарсыласу өзегі генерал Сулеймани мен оның майдандасы Абумахди әл‑Мұхандестен айырылғанына қабырғасы қайысқанымен, олардың қанының әрбір тамшысынан аймақ пен әлемде жүздеген Қасем Сулеймани өсіп шығатынына сенімді»,‑деп қуаттады.

Раиси: «АҚШ осы қылмыспен аймақтағы өзінің жауыз өмірінің соңғы нүктесін қойды. Қарсыласу өзегі сарбаздарының генерал Сулейманидің қаны үшін кек алатыны күмәнсіз»,‑деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани да бір жолдауда Иран халқының өзінің ержүрек перзенттерінің қанын кешіре салмайтынын айтып: «Бүгінде АҚШ – әлемдегі ең жиіркенішті режим. Үстемшіл жүйе осындай қылмыстарымен мұсылман халықтардың саясында тәрбиеленген ірі күрескерлердің ерік‑жігеріне ешқашан сызат түсіре алмайды»,‑деді.

Тегтер

Сараптама