Қаң 05, 2020 18:24 Asia/Almaty
  • Сардар Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіру халықаралық заңдарға қайшы

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіруді халықаралық заңдарға қайшы деп атады.

 

Әли Лариджани жексенбі күні Мәжіліс жиналысында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың сардар Солеймани мен оның серіктерін қастандықпен өлтіру қылмысын айыптап: "Бір елдің халықаралық әуежайына жақын жерде америкалық күштердің тікұшақ және ұшақпен ирандық және ирактық жоғары лауазымды екі тұлғаны шәһид етуі ешбір халықаралық заңдармен үйлеспейді",-деді.

Лариджани америкалықтардың рұқсатсыз, ұрлықшыдай түнделетіп осындай әрекет жасағанына тоқталып: "АҚШ-тың айуандық шабуылы –лаңкестік әрекет әрі соғыс қылмысы",-деді.

Лариджани, сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трампқа: "АҚШ бұл қылмысымен түбі терең батпаққа кірді. Бұл лаңкестік әрекеттің салдары олар үшін ауыр болмақ",-деді.  

 

Тегтер

Сараптама