Қаң 11, 2020 14:52 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың қоқан-лоққылары салдарынан адами қателік ұшақтың құлауына себеп болды

ИИР Президенті Рухани АҚШ шапқыншы режимінің Иран халқына қарсы қоқан-лоққыларына байланыстың адами қателік украиналық ұшақтың құлауының себебі болғанын жариялады.

Хасан Рухани бүгін сенбі күні Иран Қарулы күштері Бас штабының украиналық жолаушы тасымалдайтын ұшақтың құлауы жөніндегі мәлімдемесіне тоқталып, бұл оқиғаға қатысты халықтарға, үкіметтер мен құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтып: «АҚШ-тың шапқыншы режимі Иран халқына қарсы қоқан-лоққы жасап, қауіпті кеңістік тудырған жағдайда Ислам республикасының қарулы күштері АҚШ армиясының ықтималды шабуылынан қорғану мақсатында толық дайындық күйге келтірілген болатын. Өкінішке орай, адами қателік  үлкен апатқа соқтырып, жазықсыз адамдар құрбан болды. Бұл апаттың бүкіл себептері мен факторларын анықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл кешірілмейтін қателікті жасағандар заң бойынша жазаланып, Иран халқы мен құрбандардың отбасыларына жарияланады.

 

 

 

Тегтер

Сараптама