Қаң 11, 2020 19:05 Asia/Almaty
  • Жетекші Иран Қарулы күштерінің Бас штабына украиналық ұшақтың құлауына кінәлілерді анықтауды бұйырды

Ислам революциясының жетекшісі Иран Қарулы күштерінің Бас штабын украиналық ұшақтың құлау себептері мен кінәлілерді анықтауға міндеттеді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи украиналық ұшақтың құлауына байланысты Иран Қарулы күштері Бас штабы тексерістерінің нәтижесі және апатқа адами қателіктің себеп болуының дәлелденуінен хабардар болып, сенбі күні  өз мәлімдемесінде апатқа қаза тапқандардың отбасыларына қайтадан көңіл айтып, мұндай апат қайталанбас үшін Қарулы күштер Бас штабы қолбасшыларынан қажет шара қолдануды талап етті. Ислам революциясының жетекшісі бұл апатта қаза тапқандарға Жаратушының мейірімін тілеп, олардың отбасыларынан сабыр сақтауды сұрады.

 

 

Тегтер

Сараптама