Қаң 11, 2020 19:18 Asia/Almaty
  • Украинаның жолаушы тасымалдайтын ұшағы апатының егжей-тегжейі жөнінде мәлімдеме жасалды

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Украинаның жолаушы тасымалдайтын ұшағының құлауына адами қателік себеп болғанына тоқталып: "Бұл апат АҚШ-тың аймақтағы қастандықтарының шығыны",- деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Амирәли Хаджизаде сенбі күні бұл оқиғаның егжей-тегжейіне тоқталып: "АҚШ режимінің қоқан-лоққылары және әскери ұшақтарының ұшуы артып, Ислам республикасының қарулы күштері жоғары деңгейдегі дайындыққа келтірілген болатын. Өкінішке орай, бір адамның асығыс шешімінен бұл апат орын алды. Америкалықтар Иранның 52 жерін нысанаға алуы туралы қоқан-лоққы жасаған соң Теһранда орналасқан жүйелер жоғары деңгейдегі дайындықта болды",- деді.  Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бұл оқиғаны жоғары органдар мен Иранның Жоғары соты тексеретініне  тоқталып: "Иранның Авиация ұйымы зымыранның ұшаққа атылуы саласында тәжірибесі болмағандықтан, егер ұшаққа зымыран тиген болса, биіктікте жарылады деп ойлады. Бірақ бұл ұшақ жерге тиген кезде жарылды",- деп мәлімдеді. Сардар Хаджизаде ИИР қарулы күштерінің жасыру ниетінің болмағанын қуаттап, оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

 

Тегтер

Сараптама