Қаң 13, 2020 18:37 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Пәкістанмен шынайы қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі

ИИР Президенті жексенбі күні кешке Теһранда Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курешимен кездесуінде Иранның аймақтағы барлық елдермен жақын достық қарым-қатынаста болуды қалайтынын айтып: "ИИР пайымдауынша, ислам үмбетіндегі қайшылық пен алшақтық ешкімнің мүддесіне сай келмейді. Сондықтан Иран Пәкістанның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға бағытталған талпыныстарын толық қолдайды",-деді.

 

ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хасан Рухани осы кездесуде аймақтағы шиеленіскен жағдайға тоқталып: "Қазіргі жағдайда барлық елдер аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатып, текетірестерді азайту үшін әріптестік жасауы керек",-деді.

Рухани Пәкістан үкіметінің сардар Солейманидің шәһид болуы мен украиналық ұшақ апатынан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтқанына ризалық білдіріп: "Бұл екі ауыр трагедия Иранға ғана тиесілі емес, бұл қайғыға басқа елдер де ортақ",-деді.

Шах Махмуд Куреши де кездесуде сардар Солейманидің шәһид болуы мен украиналық ұшақ апатынан қаза тапқандарға байланысты көңіл айтып: "Сардар Солейманиге жасалған террор есеңгірететін оқиға болды",-деді.

Пәкістан Сыртқы істер министрі өз үкіметінің ел территориясын басқа елдерге, соның ішінде Иранға қарсы қоқан-лоққы жасау үшін пайдалануға жол бермейтінін айтып: "Пәкістан өзін ИИР-ның бейбітшілігі мен тұрақтылығына ортақ санайды",-деді.   

 

Сараптама