Қаң 13, 2020 18:57 Asia/Almaty
  • Джахангири: АҚШ-тың қылмыстары үшін алынатын шынайы кек – оларды аймақтан шығару

ИИР Вице-президенті АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Құдс" арнайы жасағының қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді шәһид етудегі қылмысына тоқталып: "АҚШ-тың қылмыстары үшін алынатын шынайы кек оларды аймақтан шығару болмақ",-деді.

Исхақ Джахангири дүйсенбі күні Теһранда Иран мен Сирияның жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысында Ирак парламентінің АҚШ әскерилерін елден шығаруға қаулы қабылдағанына ризалық білдіріп, бұл толқынның аймақтағы басқа ислам елдеріне де таралатынына үміт білдірді.

Джахангири Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың жөнсіз араласушылықтарының аймақта тұрақсыздық пен бейберекеттіктің туындауына себеп болғанын айтып: "АҚШ ДАИШ сияқты лаңкестік топтар құру арқылы аймақ деңгейінде, әсіресе Ирак пен Сирияда үлкен қылмыстар жасады",-деді.

Сирияның Премьер-министрі Имад Хамис та АҚШ-тың аймақ елдеріне соғыс таңуға бағытталған қастандықтары мен жоспарларына тоқталып, АҚШ қастандықтарының бір үлгісін сардар Ғасем Солейманиге жасалған террор деп атады.  

Сараптама