Қаң 14, 2020 19:51 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран үкіметі ұшақ апатына байланысты бүкіл міндетін орындайды

ИИР Президенті Рухани украиналық жолаушы тасымалдайтын ұшақтың Теһран маңындағы апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтуымен бірге Иран үкіметінің бұл апатқа байланысты құқықтық бүкіл міндетін орындайтынын қуаттады.

Хасан Рухани бүгін сейсенбі күнгі сөзінде бүкіл оқиғалардың басты себебі АҚШ-тың аймақтағы дұшпандығы екенін қуаттап: "Иран үкіметі өзін бұл апатта құрбан болғандардың, әсіресе басқа елдер азаматтарының алдында жауапты санайды",- деді.

Рухани бұл оқиғаға әртүрлі тұрғыдан тексеріс жүргізіліп жатқанына тоқталып, тексерістердің бүкіл нәтижесі халыққа хабарланатынын айтты.

 

 

 

Тегтер

Сараптама