Қаң 17, 2020 19:51 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының айбынды жауабы АҚШ-тың державалық айбатына соққы болды

Ислам революциясының жетекшісі Сақшылар корпусының АҚШ-тың айбынына соққы беруінің бұл елдің абыройдан айырылуына себеп болғанын айтып: "Бұл елдің беделіне жасалған соққыны ештеңемен толтыруға болмайды және америкалықтардың санкцияларды арттыру мәселесі олардың қолдан кеткен беделін қайтармайды",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бүгін Теһран жұма намазында сөйлеген сөзінде Иран халқының шәһид Касем Солеймани мен оның серіктерімен қоштасу рәсіміне қатысуы және Сақшылар корпусының АҚШ-тың Айн әл-Асад базасына жойқын соққы беруін екі ғибратты күн деп атап: "Соңғы апталардағы ұлы күндерді ұмыттандыру үшін жасалып жатқан талпыныстардың бірі 3 еуропалық елдің Иранға ядролық мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсыну туралы қоқан-лоққы жасауы болды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі еуропалықтардың, шынайы мағынада АҚШ-тың қолшоқпары екенін айтып: "Еуропалықтар Иран халқын тізе бүктіруді  қалайды. Бірақ олар тұрмақ, олардың үлкен қожасы, яғни АҚШ-тың да бұған шамасы жетпеді",-деді.

Аятолла Хаменеи еуропалықтардың келіссөздерін өтірік пен арбауға толы деп атап: "Келіссөз үстелінде отырған джентльмендер – шын мәнінде Бағдад әуежайындағы өңдерін ауыстырған террористер",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи екінші құтпасының басым бөлігін араб тілінде баяндап, америкалықтардың АҚШ-тың лаңкес басшысының бұйрығымен Иранның ұлы сардары мен Ирактың жанкешті мұджаһедіне террор жасаудағы қылмысына тоқталып: "Аймақтың жарқын болашағы АҚШ-тың үстемдігінен  құтылып, Палестинаны сионистердің билігінен босатқанда орнайды. Аймақ халықтарының қолдауымен бұл мақсаттарға жету мезгілі жақындауы тиіс",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі аймақтың барлық мұсылмандарына: "Ислам әлемі өз тарихында жаңа парақ ашып, мүмін жүректер мен ояу ұждандар халықтардың өз-өздеріне деген сенімін оятуы керек. Халықтарды құтқарудың жалғыз жолының қырағылық танытып, дұшпаннан қорықпай, табандылық көрсету екенін барлығы білуі тиіс",-деді.             

Сараптама