Қаң 20, 2020 19:27 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мусави: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы шешім жолдары мен бастамалары еуропалықтардың АҚШ-пен үйлесуге мәжбүр болып, өз еркі өзінде болмағандықтан осы күнге дейін бір нәтижеге жетпеді ",-деді.

 

Сейіт Аббас Мусави дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы еуропалықтар үшін көпжақты жетістік ретінде маңызды болса, іс жүзінде шара атқаруы қажеттігін айтып: "Еуропалықтар ядролық бағдарламадағы міндеттерін орындап, тәуелсіз болғысы келетінін және АҚШ саясаттарына бағынбайтынын көрсетуі керек",-деді.

Мусави, сондай-ақ, Иран Сыртқы істер министрінің Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияның Давос қаласына баруы тиіс болғанын айтып: "Мұхаммад Джавад Зарифтің ресми шақырылғанына қарамастан, қарсы тарап жоспарды біржақты негізде өзгертті. Сол себепті бұл сапар орындалмайтын болды",-деді.

Мусави, сондай-ақ, украиналық ұшақ апатын саясиландырудың алдын алу қажеттігін қуаттап: "Иранның Жол және қала құрылысы министрі дүйсенбі күні Украинаға сапар шегіп, ИИР Президентінің украиналық ұшақ апаты туралы жолдауын Украина басшысына жеткізді",-деді.

 

Тегтер

Сараптама