Қаң 20, 2020 22:36 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран халқының табандылығы АҚШ-ты ашуландырды

Ислам революциясының жетекшісі исламдық идеологияның негіздері мен оның дәлелдерін, соның ішінде Ислам республикасының табандылығын әлем үшін тартымды деп атап: "Америкалықтардың Иран халқына ашуының себебі – бір тәуелсіз елдің бір зорлықшыл мемлекеттің алдында тізе бүкпеуінен туындайтын тартымдылығы",-деді.


 

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Иранның қажылық ұйымының басшыларымен кездесуінде Ислам республикасының жаңа сөзін жеткізу үшін қажылық мұрсатын пайдалану, яғни діни демократия үлгісін тарату қажеттігін қуаттап: "Діни демократия үлгісі әлем үшін бейтаныс. Бүгінде миллиондаған үгіт-насихат құралы ИИР-ға қарсы жұмыс істеп жатыр. Қажылық мұрсатын осы үлгі мен АҚШ-тың жауластығы және Иран халқының тізе бүкпеуінің себебін түсіндіру үшін пайдалану керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, әлемдік алпауыттардың біртұтас ислам үмбетінің құрылуының алдын алу үшін түрлі талпыныс жасап жатқанына тоқталып: "Ислам үмбеті шынайы мағынада ортақ мақсат пен ерік-жігерге ие біртұтас үмбет болып әлі қалыптаспады. Өкінішке орай, ислам үмбетіне жақсылық тілеушілер мен жанашылардың шақыруына керісінше ислам елдерінде соғыс пен басқыншылық таралып жатыр",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи америкалықтардың "Иран бірқалыпты елге айналуы керек" дегендегі мақсатын ИИР-ның әлемге айтатын жаңа сөзден, яғни "қоғамдық ерік-жігерді құруда халық тілегін ислам ойлары және діни негіздермен синтездеуден" бас тарттыру деп атап: "ИИР жүйесінің саяси негіздері мен оның әлемге айтатын жаңа сөзін түсіндіру – қажылық кезіндегі маңызды істердің бірі",-деді.   

 

Тегтер

Сараптама