Қаң 21, 2020 18:49 Asia/Almaty
  • Иранның Қорғаныс министрі елінің кез келген қоқан-лоққыға жауап қайтаратынын қуаттады

ИИР ішкі күш-қуатына сүйеніп, кез келген қоқан-лоққыға жауап қайтарады.


Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами дүйсенбі күні Теһранда бұл тақырыпты қуаттап, Ислам революциясы жетекшісінің Теһранның өткен аптадағы жұма намазының құтпаларындағы  мықты болу  жөніндегі сөздеріне тоқталып: «Қорғаныс құдыреті – барлық салалардағы күш-қуат пен сенімнің негізі; шын мәнінде ислам жүйесіндегі құдырет факторларына себеп болады», - деді. АҚШ Ислам револоюциясы жеңіске жеткен күннен бері Иран халқының әсіресе қорғаныс саласындағы күш-қуатын әлсіретуді көздеп келеді. АҚШ сондай-ақ ИИР құрылған алғашқы күннен оны құлатуды стратегиялық мақсаты ретінде қалыптастырды. Иран Сыртқы істер министрінің айтуынша, өткен 40 жылда АҚШ Иран жүйесін құлату туралы ойлаудан бір сәтке танбады. Иранның стратегиялық саясаты аймақтағы шиеленістің күшеюінің алдын алу болғанымен шапқыншыға қарсы тұру қажеттігін анықтаса, шабуыл жасаушылар мен лаңкестерге қарсы жауап қайтарудан күдіктенбейді. Иран қарулы күштері оларға қарсы тұрып, өз арманы, жері мен халқын қорғайтын ерік-жігер мен дайындыққа ие. ИИР қасиетті қорғаныс кезіндегі тәжірибесін пайдаланып және жергілікті әлеуетке сүйеніп, әскери күш-қуатын дамытты. Қасиетті қорғаныс кезіндегі тәжірибелер рухани, саяси және әскери құндылықтарға ие. Сондықтан оларды қорғап, нығайту қажет. Күшейтетін салалардың бірі – стратегиялық күш-қуат саласы. Осыған орай жан-жақты қорғаныс күш-қуатын нығайту Иран қарулы күштерінің басты мәселесі. Бүгінде Иранның құрлық, теңіз және әуе-ғарыш салаларындағы қорғаныс, стратегиялық тежегіш және шабуылдау мүмкіндіктері қоқан-лоққылар деңгейіне сай дамытылды. ИИР армиясының Бас қолбасшысы Сейед Абдуррахим Мусави Ислам республикасының ешбір елмен соғысқысы келмейтінін қуаттап: «Иран еш уақытта соғысты бастамайды, бірақ өзін қорғауды жақсы біледі»,- деген болатын.  Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатамидің бүгінгі сөзі Иранның кез келген деңгейдегі қоқан-лоққыға жауап қайтаратын әлеуетін қуаттау болды.

 

 

Сараптама