Қаң 22, 2020 17:36 Asia/Almaty
  • Халықтың шәһид Солейманимен қоштасу рәсіміне жаппай қатысуы АҚШ жобаларын сәтсіздікке ұшыратты

ИИР Президенті Рухани халықтың шәһид Солейманимен қоштасу рәсіміне жаппай қатысуы АҚШ жобаларын сәтсіздікке ұшыратқанын қуаттады.


Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында Иран мен Ирак халықтарының екі елдің әртүрлі қалаларындағы шәһид Ғасем Солейманимен қоштасу рәсімдеріне қатысуына тоқталып: «Халықтың бұл жиыны АҚШ-тың сардар Солейманиге лаңкестік шабуыл жасағаннан кейін тіпті одақтастарын біріктіре алмауына себеп болды. Сардар Солейманиге лаңкестік шабуыл жасалғаннан кейін кейбір еуропалық елдердің басшылары телефон арқылы бұл мәселеге өкініш білдіріп, АҚШ әрекетінің аймақ үшін қатерлі екенін мәлімдеді»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама