Қаң 23, 2020 21:38 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран әрдайым Қытай халқының жанынан табылады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф Қытай үкіметі мен халқын Жаңа жылмен құттықтап: "Иран әрдайым Қытай халқының жанынан табылады",-деді.

 

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында қытай тілінде Қытай халқын Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, жақсылық пен тыныштыққа толы жыл тіледі.

Зариф, сондай-ақ, Қытай үкіметінің коронавирустан (coronavirus) туындаған өкпе қабынуы ауруымен күресу үшін жасап жатқан шараларын орынды атап, бұл елдің халқына денсаулық тіледі.

Қытайдың Ухань (Wuhan) қаласынан басталып, таралған коронавирус ауруынан осы күнге дейін бірнеше адам көз жұмды.

Коронавирус әдетте жұқпалы ауру тудырады. Ол тыныс жолдарын зақымдап, тіпті өлімге соқтырады.

 

Тегтер

Сараптама