Қаң 24, 2020 17:36 Asia/Almaty
  •  Хуктың сардар Кааниге жасаған қоқан-лоққысы АҚШ-тың үкіметтік лаңкестігін әшкереледі

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мусави АҚШ-тың Иранға қарсы тобы басшысының Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштері қолбасшысына қарсы лаңкестік әрекет жасау туралы қоқан-лоққысын айыптады.

АҚШ-тың  Иранға қарсы тобының басшысы Брайан Хук бейсенбі күні  Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында "әл-Шарқ әл-Аусат" газетіне берген сұхбатында: "Шәһид сардар Ғасем Солейманидің орнын басқан сардар Исмаил Каани оның жолын қайталайтын болса, соған ұқсас тағдырға ұшырайды",- деді.

Сейед Аббас Мусави осы сөзге реакциясында: «АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің сөзі бұл мемлекеттегі үкіметтік лаңкестіктің ресми және мақсаттылығын әшкере етті. Сионистік режимнен кейін АҚШ өз үкіметі мен қарулы күштерінің мүмкіндіктерін лаңкестік әрекеттер үшін қолданатыны және келешекте де бұл әрекетті жалғастыратынын жариялаған екінші режим болды»,- деп мәлімдеді.

 

 

Сараптама