Қаң 24, 2020 23:39 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» бағдарламасының орнына «Трамптың келісімі» – америкалық елес

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орнына Трамптың келісімін жариялауды америкалық қиялдардың бірі деп атады.

Аббас Мусави бейсенбі күні Twitter-дегі парақшасында АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы топтың басшысы Брайан Хуктың Трамптың келісімін жариялауына реакция білдіріп: «Трамптың келісімі» деген сөзтіркесі тәкаппарлық пен өздерін басқалардан артық санаудан туындаған америкалықтардың ежелден келе жатқан қиялы»,- деп жазды. Трамптың келісімі туралы сөз еуропалық мемлекеттердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизмін белсенді еткен соң көтеріліп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысы жоқ үш мәселені қайтадан баяндады. Иранның уран байыту құқығының болмауы, зымырандық бағдарламасы жөнінде келіссөз жүргізуі мен аймақтық саясатын өзгертуі «Трамп келісімінің» негіздері деп жарияланды. Бұл мәселе бұдан бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған кейбір еуропалық мемлекеттердің, атап айтқанда Британия тарапынан баяндалып, ядролық келісім тақырыбында Еуропаның АҚШ-пен бір екенін және тәуелсіз шешім қабылдау күшінің жоқтығын көрсетті. Бұл салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбіде  Twitter-де Еуропаның АҚШ Президентінің баж салу қоқан-лоққысынан тағы қорқып, жаңа ұстаным білдіруін сынап: «Еуропа өз егемендігін көрсетсе жақсы болар еді»,- деп жазды. Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты өзінің жаңа ұстанымымен АҚШ-тың алдында тәуелсіз бола алмайтынын көрсетті. Трамптың еуропалық көліктердің бажын 25 пайызға көтеру жөніндегі қоқан-лоққысы Еуропаның АҚШ-қа деген экономикалық және саяси тәуелділігін көрсетіп, еуропалықтардың егемендігінің маңызы туралы уәждерін дағдарысқа тіреді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлемдік дипломатия мен алты мемлекеттің маңызды нәтижесі деп бағалаған Еуропа бүгін халықаралық келісімнің бір тарапы ретінде тәуелсіз шешім қабылдай алмай отыр. Еуропа АҚШ Президентінің қоқан-лоққысынан қорқып артқа шегініп, еуропалық күшін негізін әлсіретті. Трамптың баж салумен қорқытып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан арқа шегіндіруі оның Еуропаға көрсеткен соңғы қоқан-лоққысы болып қалмайды. Трамптың Ақ үйге аяқ басқаннан кейінгі әлемдік өзгерістер, соның ішінде халықаралық келісімдер мен кейбір ұйымдардан шығуы Трамптың заңсыз тәбетінің тойымсыздығы мен еуропалық биліктің дәрменсіздігін көрсетеді. Еуропадағы қазіргі саясаттар өзара келіспеушіліктерінің белгісі. Британия Премьер-министрі Борис Джонсонның ұстанымы мен оның Трамптың саясаттарын қолдауы Еуропа үкіметтері структураларының бір бөліміне Трамптың ой-пікірінің сіңгенін білдіреді. Мұндай жағдайда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тек еуропалық мемлекеттердің бұл келісімдегі міндеттемелерін орындауы құтқаруы мүмкін. Өйткені жаңа келісім туралы сөз қозғау тек қиялдан басқа ешнәрсе емес. Иран – тәуелсіз мемлекет. Сондықтан өзінің стратегиялық тақырыбы мен саясаттары жөнінде келіссөз жүргізбейді.

 

 

Тегтер

Сараптама