Қаң 25, 2020 19:05 Asia/Almaty
  • Жетекшінің Еуропадағы студенттердің исламдық ассоциациялар одағының 54-ші отырысына жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі Еуропадағы студенттердің исламдық ассоциациялар одағының 54-ші отырысына жіберген жолдауында: "Биылғы отырыстарың маңызды оқиғалар болып, олардың әрқайсы исламдық Иран мен оның революцияшыл халқының айбынын көрсеткен жағдайда өтуде",- деп жазды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің сейсенбі күні Венада оқылған жолдауында: "Айғақтар, әскери күш-қуат, халықтың саяси оқиғаларға жаппай қатысуы,  жастардың ерік-жігері, мыңдаған ғылыми және технологиялық топтардың белсенділігі, сонымен қатар Иранның түкпір-түкпіріндегі жастарының діни және рухани көзқарасы  бүгінгі әлемдегі құбылыс туралы хабарды жеткізеді. Бұл құбылыс бүгінгі әлем тарихының болашағына маңызды әсер ете алады",- деп айтылды. Ислам революциясының жетекшісі Ислам революциясының екінші қадамының бұл құбылысты толықтырып, нәтижеге жеткізе алатынын қуаттап: "Бұл салада ғалым, парасатты және иманды жастарға үміт артылады. Сіздер тарихтың тағдырына әсері ете алатындардың қатарында бола аласыздар",- деді.

Еуропадағы студенттердің исламдық ассоциациялар одағының 54-ші отырысы сенбі күні Венада өз жұмысын бастады.

 

 

Сараптама