Қаң 26, 2020 17:58 Asia/Almaty
  • Зариф: Трамп өз сыртқы саясатын шынайы жағдай негізінде құрғаны дұрыс

Иран Сыртқы істер министрі Германияның "Шпигель" апталық газетіне берген сұхбатының бір бөлігінің бұрмаланғанына реакциясында АҚШ Президенті Дональд Трампқа: "Сыртқы саясат жөніндегі сөздеріңіз бен шешімдеріңізді шынайы жағдай негізінде құрғаныңыз дұрыс",-деп кеңес берді.


Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "АҚШ Президенті Дональд Трамп сыртқы саясат жөніндегі сөздері мен  шешімдерін Fox News пен парсытілді сайттардың ақпараттары негізінде емес, шынайы жағдайға қарай құрғаны дұрыс",-деп жазды.  

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Германияның "Шпигель" апталық газетінің ағылшын бөлімінде жарияланған сұхбатының бір бөлігінің суретін қосып: "Трамп жақсырақ хабардар болу үшін бүкіл сұхбатты ағылшын тілінде оқи алады",-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні таңертең Twitter-дегі жеке парақшасында Зарифтің "Шпигель" апталық газетіне берген сұхбатына сілтеме жасап: "Иран Сыртқы істер министрі санкциялар алынған жағдайда Теһранның АҚШ-пен келіссөз өткізуге дайын екенін айтты",-деп мәлімдеді.    

 

Тегтер

Сараптама