Қаң 31, 2020 20:35 Asia/Almaty
  • «Ғасыр мәмілесінің» сәтсіздікке ұшырайтыны анық

Теһран жұма намазының имамы америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасын айыптап, бұл жобаның сәтсіздікке ұшырайтынын қуаттады.

Аятолла Мұхаммадәли Мовахеди Кермани Теһран жұма намазының құтпаларында «Ғасыр мәмілесін» ғасырдың қорлығы мен қиянаты деп атап: «Ғасыр мәмілесі» кейбір Батыс үкіметтерінің қиянатының салдары. Бірақ ешбір қастық пен қылмыс Палестина халқының құқығын бұза алмайды»,- деді. Аятолла Мовахеди Кермани әлемнің азаттық талап етушілерінің «Ғасыр мәмілесі» жобасын айыптайтынына назар аудартып: «Қарсыласу АҚШ-ты сәтсіздікке ұшыратты. Палестина азаттыққа жетеді»,- деді. Теһран жұма намазының имамы дұшпандардың қарсыласу қозғалысын қарусыздандырғысы келетінін қуаттап: «Америкалықтар өз армандарын көрге әкетеді»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама