Ақп 01, 2020 16:27 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни мен шәһидтердің зираттарына барды

«Фаджр» онкүндігінің басталуымен тұспа-тұс және Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығы қарсаңында Ислам революциясының жетекшісі Иран Ислам республикасының негізін қалаушы көсемі имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне зиярат жасады.

 

Аятолла Хаменеи сондай-ақ бүгін сенбі күні таңертең  аятолла Беһешти, Раджаи мен Бохонар және 7 тир оқиғасында шәһид болғандардың қабірлерін зиярат етті. Содан соң Ислам революциясының жетекшісі шәһидтер зиратын аралап, Алла жолында күресіп, исламдық Иранның ғиззаты мен күш-қуатын қорғағандардың аруағына сәлем мен салауат айтып, Иран халқының мақтан тұтатын қозғалысы жалғасуы үшін дұға тіледі.

Бүгін 12 баһман, сәйкесінше 1 ақпан Иран Ислам революциясының қасиетті «Фаджр» онкүндігі басталған күн. Осыдан 41 жыл бұрын хижри шамси күнтізбесінің 1357 жылының 12 баһманында, сәйкесінше 1979 жылдың 1 ақпанында 15 жыл отанынан алыста қуғында жүрген имам Хомейни Иранға оралды.

 

Тегтер