Ақп 04, 2020 14:06 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Дұшпан Ислам революциясының негіздеріне соққы беру бағдарламасына ие

Ислам революциясы жетекшісі дұшпанның Ислам революциясының негіздеріне соққы беруді көздеуіне тоқталып, діни оқу орындардың оларлың нысаналараның бір болуын қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Иранның діни оқу орындарының жоғары кеңесі мүшелерімен кездесуінде Ислам революциясы мен Иранның Ислам республика жүйесінің негізін қалаушысы имам Хомейнидің мақсаты бұл қозғалысты исламдық ережелер мен шариғатты жүзеге асыру нәтижеге жеткізу болды деп тапты. Ислам революциясы жетекшісі жас діни шәкірттердің дарындары мен мүмкіндіктерін қуаттап: «Елдің әртүрлі салаларында кейбір үлкен жұмыстар мен бастамалар жастармен атқарылуда. Сондықтан діни оқу орындарда жас дарындар анықталып, оларды жұмысқа тарту керек»,- деді.

 

Тегтер

Сараптама