Ақп 04, 2020 14:41 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту шешімі бұл келісімнің негіздерінше қабылданды

ИИР Президенті Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту шешімінің бұл келісімнің негіздерінше және оны сақтап қалу үшін қабылданғанын еске салып, Иранның бұл мәселені шешу үшін Еуроодақпен ынтымақтастығын жалғастыруға дайын екенін қуаттады.

 

Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозепп Баррельмен кездесуінде аймақ пен халықаралық мәселелерді шешу үшін екі жақтын ынтымақтастығының қажеттілігін қуаттап: «Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылау жүргізуіне қарсы емес және егер жаңа жағдай туындамаса, бұл үдеріс жалғасады»,- деді.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы да бұл кездесудееуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамағандарына өкініш білдіріп: «Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін бүкіл күшін салады»,- деп қуаттады.

 

Тегтер

Сараптама