Ақп 10, 2020 17:42 Asia/Almaty

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттінің хабарлауынша, Иранның Жоғары ғарыш кеңесінің қаулысымен бірнеше жыл бұрын салына бастаған "Зафар" жерсерігі жексенбі күні хазірет имам Хомейни (р.) атындағы ғарыш айлағынан ұшырылды. "Зафар" жерсерігі Иран Қорғаныс министрлігінің әуе-ғарыш өнеркәсібі ұйымы тарапынан жобаланып, жасалынған.

Иран Қорғаныс министрлігінің ақпарат өкілі сейіт Ахмет Хұсейни "Зафар" жерсерігінің ұшырылуы жайлы: "Жерсерік орбитаға орнығуға қажетті жылдамдыққа ие бола алмады. Болашақта қайта ұшыру үшін оңтайландыру жұмыстары атқарылады",-деді.

Хұсейнидің айтуынша, "Зафар" жерсерігін "Самұрық" жерсерік тасушы зымыранымен ұшыру үдерісінде барлық жұмыстар, соның ішінде  жерсерікті зымыранға орнату, алдын ала тексерістен өткізу, отын беру және қысымды реттеу толығымен орындалды.

Осы мәліметке сәйкес, жерсерікті ұшыруда көзделген зерттеу мақсаттарының басым бөлігі орындалды.

Тегтер

Сараптама