Ақп 11, 2020 16:53 Asia/Almaty
  • 22 баһман шеруінің қорытынды мәлімдемесі әлемдік үстемшілердің қастандықтарына қырағы болу қажеттілікті қуаттады

Иран халқы 22 баһман шеруінің соңында мәлімдеме шығарып, АҚШ басқарған әлемдік үстемшілердің қастандықтарына қырағы болу қажеттілікті қуаттады.

Иран халқы әртүрлі қалаларда ауа-райының суықтығы, қар мен жаңбырға қарамастан 22 баһман шеруіне жаппай қатысып, Ислам революциясының көсемі имам Хомейни мен қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи, революция шәһидтері, әсіресе Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы шәһид Ғасем Солейманиге адалдықтарын қайта растады.

22 баһман шеруіне қатысушылар бұл мәлімдемесінде   генерал майор Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш- Шааби» халықтық күштері ұйымы басшысының орынбасары Абумахди әл- Моһандес пен қарысыласу ағымының басқа шәһидтеріне жасалған террор үшін АҚШ-тан кек алу ерік-жігерін жариялады. Сондай-ақ, Иран халқы америкалық күштер Батыс Азия аймағынан толық шығарылғанша және сионистік режим жойылғанша, қарсыласуын жалғастыратынын қуаттады. 22 баһман шерушілері «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жобаны айыптап: «Бұл әлем мұсылмандары мен азаттық талап етушілеріне қарсы сұм жоба тарихтың қоқысына кетеді»,- деді.

Сараптама