Ақп 11, 2020 18:55 Asia/Almaty
  • 22 баһман: Иран халқының қолдауы - Ислам революциясының ұмытылмауының сыры

Иран халқы 22 баһман (11 ақпан) күні Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығына арналған шеруге жаппай қатысып, бұл революциядағы өз рөлін көрсетті.

Иран халқының үнемі сахнаға белсенді қатысуы Ислам революциясының ұмытылмауының негізгі факторларының бірі. Бұл маңызды фактор Иранның Ислам революциясын әлемнің басқа революцияларынан өзгеше етеді. Халықтың Ислам революциясының әртүрлі сахналарына қатысуы мен Ислам республикасы жүйесін қолдауы Иранның күш-қуатын халық құдыреті етті. Халықтың жаппай қаытсуы АҚШ сынды дұшпандардың қастандықтары мен қоқан-лоққыларын залалсыздандырды. Ислам революциясының жеңісінен кейінгі АҚШ-тың әртүрлі үкіметтерінің Иран халқына қарсы дұшпандылығы америкалық басшылардың халықтың Ислам революциясын қолдауына ызалы екендерін көрсетеді. Өйткені халық оларға қарсы тұрған мықты бөгет сынды.  Дональд Трамптың билік басына келуімен АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандылығы артып, іс жүзінде Трамп үкіметі Иран халқын нысанаға алды. Америкалықтар өткен бір жылда экономикалық және үкіметтік лаңкестігімен халықты Ислам республикасы жүйесінен бөліп, араларын араңдатуға көптеген талпыныс жасады.Бірақ халықтың Ислам революциясын қолдауы америкалықтардың әрекететрін сәтсіздікке ұшыратты. Иранның түпкір-түпкірінде халықтың Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс  арнайы жасағы  қолбасшысы   Ғасем Солейманимен  қоштасы рәсімге жаппай қатысуы америкалықтардың тіпті үкіметтік лаңкестігімен Иранның қоғамында қайшылық тудыра алмайтынын көрсетті.

Иран халқының үнемі әрі  хабардар түрде Ислам революциясының әртүрлі сахналарына, олардың ішінде 22 баһман шеруіне қатысуы әлемдіктерге, әсіресе АҚШ-қа бұл революцияның  сенімді қоғамдық қорға ие болуын, сондай-ақ бүкіл қастандықтарға қарамастан жеңісінің 41 жылдығын тойлау туралы жолдауды жеткізді.

Бүгінгі 22 баһман шеруінде Иран халқының Ислам революциясын қолдайтынын қайталауы және шамамен 10 күннен кейін ислам кеңесі Мәжілісінің сайдауына да жаппай қатысуы Иран халқының «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесі бойынша, айқын көкжиектерге жететінің көрсетті.

Тегтер

Сараптама