Ақп 12, 2020 18:42 Asia/Almaty
  • 

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауы үміткерлерінің үгіт-насихаттарын бастау және аяқтау мерзімі жарияланды

Иранның Ішкі істер министрлігі сайлау штабы Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауы үміткерлерінің үгіт-насихаттарын бастау және аяқтау мерзімін жариялады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Ішкі істер министрлігі сайлау штабы бүгін, сәрсенбі күні мәлімдеме шығарып: «Сайлауға қатысу жарамдылығы расталған үміткерлердің үгіт-насихаттары ертең таңертеңнен басталып, 20 ақпанда аяқталады»,- деп жариялады.

21 ақпанда  Ислам Кеңесі Мәжілісінің 11-ші шақырылымы сайлауы өтеді. Бұл сайлау 208 учаскіде 290 депутатты сайлайды. Сондай-ақ бұл күні бес, нақты айтқанда Теһран, Фарс, Солтүстік Харасан, Харасан Разави және Құм учаскілерінде діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің бесінші кезеңі сайлауы өтеді. Иранның Конституциясы Сақшылар кеңесі баспасөз хатшысы Аббасали Кадходаидің айтуынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауына үміткер болуға 7000-нан астам адамның жарамдылығы расталды.

 

Сараптама