Ақп 12, 2020 20:14 Asia/Almaty
  • Америкалықтар өткен 41 жылда Иран халқының рөлі мен айбының түсінбеді

Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығында Иранның миллиондаған халқы елдің әртүрлі қалаларында 22 баһман шеруіне шығып, АҚШ басқарған әлемдік үстемшілердің қастандықтарына қарсылығын қуаттады.

 

Осыдан 41 жыл бұрын 1357 жылдың 22 баһманында, сәйкесінше 1979 жылдың 11 ақпанында Иранның ұлы халқы мықты ерік-жігерімен, ешбір құдыретке сүйенбей, Ислам революциясын жеңіске жеткізді.  Иран халқы сол күннен бері дұшпандар және олардың қастандықтарымен бетпе-бет келді. Алайда олардың бұл революция мен жүйге дұшпандылық білдірулерінің себебі не? Неге бұл дұшпандылық аяқталмайды?

Бұл дұшпандылықтың ең айқын себебі Ислам революциясының Иранның шекараларынан шығып, басқа елдергі әсерін тигізуі деп айтуға болады. Ислам революциясы жеңіске жеткен күнінен бастап, билеп-төстеуші жүйеден қорлық көрген халықтар үшін үміт тудыратын үлгіге айналды. Сондықтан Иран халқының үлкен жеңісі мен АҚШ-ты өз жерінен шығаруы АҚШ сынды алпауыт үшін төзуге болмайтын жәйт болғаны анық.  АҚШ пен бұл революцияның басқа дұшпандары өткенді қайтару үшін қолдарынан келген әр қылмысты іске асырды. Бірақ нәтижеге жете алмады. Неге АҚШ пен Иран халқының басқа дұшпандары жылдар бойы өз мақсаттарына жете алмады?  

Иран Президентінің Ислам революяцисы жеңісінің жылдығы рәсімінде сөйлеген сөзі бұл сұрақтың жауабы бола алады.  Рухани өз сөзінің бірі бөлімінде: «Біздің жолымыз бен мақсатымыз – елді дамыту. Сондықтан өткен 41 жыл бойы дұшпандылықтың әртүрлі түрде жасалғанын өздеріңіз көріп отырысыздар. Бірақ біздің революциямыздың жолы - сол алғашқы күнгі жол. Революцияны күшейткен халықтың қолдауы және халықтың дауысы»,- деді.

Америкалықтар Ислам революциясының жеңісінің басынан қателесті. Бұл қателіктердің екі себебін айтып кетуге болады. Бірінші себебі – діни және рухани наным-сенімдерді есепке алмаулары, екіншіден - дұшпанның осы күнге дейін Иран халқын дұрыс түсінбеуі. Қате есептер алпауыт күшті сәтсіздікке ұшырата алады. Иран халқының 41 жыл бойы АҚШ-қа қарсы тұруы да осы негізден тыс емес. АҚШ-тың дәрменсіздігі өткен 41 жылда Иран халқының рөлі мен айбының түсінбеуіне байланысты.

 

Сараптама